AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Саясат / Президент «Халықтық құрылыс» бағдарламасының бақыл...

Президент «Халықтық құрылыс» бағдарламасының бақылауын арнайы комиссия жүргізетінін айтты

Саясат Бүгін 15:45 53
Президент «Халықтық құрылыс» бағдарламасының бақылауын арнайы комиссия жүргізетінін айтты
Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқықбұзушылықтар «Халықтық құрылыс» бағдарламасын іске асыруға кедергі келтіруі мүмкін екенін айтты. Президенттің сөзінше, әлеуметтік инфрақұрылым нысандары сапалы салынуы керек. Ал мемлекеттік қаражаттың тиімді жұмсалуын арнайы комиссия қадағалайды, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Мемлекет басшысы еліміз жаңа тарихи кезеңге қадам басқанын айтып, Әділетті Қазақстанды құру жолында жалқаулық пен селқостыққа жол бермеу керектігін атап өтті.

«Ал сыбайлас жемқорлыққа батқан ниеті теріс кісілер – біздің қас жауымыз. Олар қазірдің өзінде «Халықтық құрылыс» бағдарламасын іске асыруға кедергі келтіріп, зиян тигізуді ойлап жүр. Біз бұған, әлбетте, ешқашан жол бермейміз», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президенттің айтуынша, жолдар, әуежайлар, емханалар, оңалту орталықтары, шығармашылық үйлері, мектептер мен спорт кешендері сапалы салынуы тиіс.

Қасым-Жомарт Тоқаев әлеуметтік инфрақұрылым нысандарының құрылысына бөлінген қаражаттың тиімді жұмсалуын арнайы мемлекеттік комиссия қадағалайтынын мәлімдеді. Оның құрамын келесі аптаның басында жариялау жоспарланып отыр.

«Барлық әлеуметтік инфрақұрылым нысандары, соның ішінде жолдар, әуежайлар, емханалар, оңалту орталықтары, шығармашылық үйлері, мектептер мен спорт кешендері сапалы салынуы керек. Бұл – мүлтіксіз орындалуға тиіс талап. Мемлекет қаржысының тиімді жұмсалуын арнайы мемлекеттік комиссия қадағалайды. Оның құрамы келесі аптаның басында жарияланады», – деді Мемлекет басшысы.

Сондай-ақ Президент халықтың әл-ауқатын арттыру және азаматтардың тұрмыс сапасын жақсарту міндеттерін жүзеге асыруда Конституцияда бекітілген Заң, Әділеттілік және Тәртіп қағидаттары басшылыққа алынатынын айтты.

«Сондықтан табандылық танытып, алға қойған мақсаттарымызға міндетті түрде қол жеткіземіз», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Оқи отырыңыз: Президент Үкіметке мемлекеттік компаниялардағы жемқорлықты азайту жөнінде ұсыныс беруді тапсырды

Дереккөз

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Тоқаев #құрылыс #сайлау
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда «QURMANGAZY & PIANO» концерті өтті

Бүгін 16:44

Алматының Әуезов ауданында тұрғындарға арналған жаңа демалыс орны көркейтілді

Бүгін 16:32

«Өзіміздікі» және «Өзіміздікі емес» деп бөлуге жол берілмейді – Тоқаев

Бүгін 16:14

Президент мемлекеттік компаниялардағы жемқорлықты азайту жөнінде ұсыныс беруді тапсырды

Бүгін 15:30

Қалың өскен бұта мен бос жатқан аумақтың орнына: Алматыдағы Қарасу өзенінің жағалауы қалай өзгерді?

Бүгін 15:15
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);