Шамалған станциясының айналма жолы пайдалануға беріледі

Шамалған станциясының айналма жолы пайдалануға беріледі Сурет: Fonwall.ru

Жылдың соңына дейін бұл нысан да пайдалануға берілмек. 


Биылғы жол-құрылыс маусымында Алматы облысындағы Күрті-Бурылбайтал, Күрті-Қапшағай, Үшарал-Достық және Шамалған станциясының айналма жолдары пайдалануға беріледі, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Almaty.tv сілтеме жасап.


«ҚазАвтоЖол» компаниясы баспасөз қызметінің мәліметінше, Күрті-Бурылбайтал аралығындағы 143 шақырым жолдың құрылыс жұмыстары жыл соңына дейін аяқталады. 



«Бұдан бөлек, Күрті-Қапшағай (67 шақырым) жобасының бір бағыттағы қозғалысын ашу жоспарланып отыр. Сондай-ақ, Үшарал-Достық (180 шақырым) тасжолында қозғалыс ашылады», - делінген баспасөз хабарламасында. 



Қазір ұзындығы 6 шақырымға созылып жатқан Шамалған станциясының айналма жолында құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жылдың соңына дейін бұл нысан да пайдалануға берілмек. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

19:29

19:26

18:14

17:40

17:25

17:11

16:45

16:35

16:20

16:08

16:07

15:44

15:31

15:19

15:02

15:00

14:44

14:30

14:16

14:10

12:28

12:19

12:05

11:47

11:34