Қазіргі уақытта электр энергиясының өшу себебі анықталуда, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.
«Алатау Жарық Компаниясы» АҚ 2026 жылғы 29 қарашада сағат 20:35-те Алматы қаласының Әуезов ауданындағы жекелеген аумақтарда электр энергиясының уақытша өшірілгенін хабарлайды.
Электр энергиясы өшірілген аумақтарға мыналар кіреді:
Таугүл және Таугүл-1 шағынаудандары;
№ 6 шағынаудан;
№ 9 және № 11 шағынаудандар;
Жандосов және Садовников көшелері.
Қазіргі уақытта электр энергиясының өшу себебі анықталуда.
Электрмен жабдықтауды қалпына келтіру үшін мамандардың екі бригадасы желілерді ауыстырып қосу және қажетті қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуде.
Электр энергиясын қалпына келтірудің болжамды уақыты - 2 сағат ішінде.
Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және түсіністік танытуларыңызды өтінеміз.