AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Сайлау 2026 / Алматылықтар депутаттарын таңдады: қала тұрғындары...

Алматылықтар депутаттарын таңдады: қала тұрғындарының сайлауға қатысу белсенділігі жоғары болды

Сайлау 2026 Бүгін 21:22 22
Алматылықтар депутаттарын таңдады: қала тұрғындарының сайлауға қатысу белсенділігі жоғары болды
Алматы әкімдігі

Алматыда қалалық мәслихат депутаттарының сайлауы аяқталды. Сайлау күні дауыс беру құқығына ие сайлаушылардың 37,70%-ы таңдау жасады. Дауыс беру қаланың барлық сегіз ауданындағы 670 сайлау учаскесінде өтті, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Таңнан бастап сайлау учаскелерінде адам қарасы қалың болды. Қала тұрғындары отбасымен, балаларымен және тұтас еңбек ұжымдарымен келіп, дауыс берді. Олардың арасында алғаш рет сайлауға қатысқандар да болды. Сондай-ақ аға буын өкілдері, оның ішінде Отан соғысының ардагерлері де таңдау жасады. Ең жасы үлкен сайлаушы 102 жаста болды.

Дауыс беру күні тек сайлау рәсімдерімен шектелмей, түрлі қалалық бастамамен де ерекшеленді. Бірқатар учаскеде интерактивті ойындар, шығармашылық шебердің сабақтары, көрмелер мен тақырыптық алаңдар ұйымдастырылды. Мәселен, №539 сайлау учаскесінде қыш құмыра жасау бойынша шебердің сабағы өтті. Оған әртүрлі жастағы тұрғындар қатысып, құмыра шарығында жұмыс істеп, түрлі бұйым жасап, естелік кәдесыйлар әзірледі.

Кейбір учаскеде балалар шығармашылық орталықтары тәрбиеленушілерінің суреттері көрмеге қойылса, енді бірінде домбырамен күйлер орындалды. Ал кітап оқуды ұнататын тұрғындарға «Кітап оқитын ұлт» бастамасы аясында кітап алаңдары мен жәрмеңкелер ұсынылды.

Қала тұрғындарының қолайлылығы да назардан тыс қалмады. Сайлау учаскелерінің маңында сауда шатырлары жұмыс істеп, тұрғындар дауыс берумен қатар, қажетті азық-түлік өнімдерін сатып алу мүмкіндігіне ие болды.

Қалада 170 инватакси көлігі қызмет көрсетіп, есту қабілеті бұзылған сайлаушыларға 80 сурдоаудармашы көмек көрсетті. 1 391 адам үйінде дауыс берді. Сонымен қатар қала тұрғындары мен қонақтары үшін қоғамдық көлікте жол жүру тегін болды.

Сайлау құқығына ие азаматтардың жалпы саны 1 миллион 355 мың адам болды. Қалалық мәслихаттағы депутаттық мандаттар үшін 168 кандидат бақ сынады.

Сайлау «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңға сәйкес өткізілді. Дауыс беру рәсімдері ашық ұйымдастырылып, дауыс беру мен дауыс санау барысын тәуелсіз байқаушылар қадағалады.

Сайлаудың түпкілікті қорытындысын аумақтық сайлау комиссиясы заңда белгіленген мерзімде жариялайды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы халқы мәслихат депутаттарының сайлауында қалай дауыс берді

Бүгін 21:07

Соңғы бюллетень: Алматыдағы сайлау учаскелерінің бірінде соңғы болып кім дауыс берді?

Бүгін 20:15

Алматыдағы сайлау қалай өтті: фотошежіре

Бүгін 19:55

Алматыда «Mrs Kazakhstan 2026» байқауының финалисі сайлауда азаматтық ұстанымын білдірді

Бүгін 19:45

Алғашқы дауыс: 2,5 мыңнан астам алматылық жас сайлауға алғаш рет қатысты

Бүгін 19:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);