AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Алматыда жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын...

Алматыда жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығару басталды

Алматы Бүгін 17:23 65

Мәжбүрлеп иеліктен шығару мерзімі 2028 жылдың 31 желтоқсанына дейін болып белгіленді, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Алматы қаласы әкімдігінің 2026 жылғы 6 қарашадағы № 4/636-1805 қаулысы

Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскесін алып қоюға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығаруды бастау туралы

Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 84-бабына, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, «Алматы   қаласы   Құрылыс басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2026 жылғы 5 қарашадағы №47.1-47.07/1898-И хаты негізінде Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Білім беру нысаны құрылысы үшін Юрий Альбертович Яковлевтің Алматы қаласы, Бостандық ауданы, Сырғабеков көшесі, 1д мекенжайы бойынша орналасқан, кадастрлық нөмірі 20-313-042-046, жалпы ауданы 0,0700 га жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті иеліктен шығару басталсын.

2. Мәжбүрлеп иеліктен шығару мерзімі 2028 жылдың 31 желтоқсанына дейін болып белгіленсін.

3. Меншік иесі жүгінетін орын Алматы қаласы, Алмалы ауданы, Төле би көшесі, 155, 6-қабат, 606-кабинет болып белгіленсін.

4. Алматы қаласы әкімінің аппараты осы қаулыны қабылдаған күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде Алматы қаласы әкімдігінің интернет-ресурсын қоса алғанда, жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсін.

5. Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасының «Қала жер орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны заңнамада белгіленген тәртіппен меншік иесін хабардар етсін.

6. «Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі:

1) заңнамада белгіленген тәртіппен жер учаскесінің меншік иесіне өтемақы төлеуді қамтамасыз етсін;

2) жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығару бойынша іс-шаралар аяқталғаннан кейін жер учаскесін «Алматы қаласы Құрылыс басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің теңгеріміне берсін;

3) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де  қажетті шараларды қабылдасын.

7. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

Алматы қаласының әкімі                                      Д. Сатыбалды

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматының Бостандық ауданында абаттанған бес жаңа қоғамдық кеңістікті таныстырды

Бүгін 17:38

Мемлекет басшысы Ақаба процесі саммитіне қатысты

Бүгін 17:00

ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚ КЕҢЕСІ ЖАСТАР ҚОЗҒАЛЫСЫН ҚҰРУДА: 126 ЖАС АЗАМАТ КЕҢЕС МҮШЕЛЕРІНІҢ СЕРІКТЕСІ АТАНАДЫ

Бүгін 16:55

Алматыда жөндеу жұмыстарына байланысты Центральная көшесінің бір бөлігі бірнеше түнге жабылады

Бүгін 16:49

Мемлекеттік көмек масылдыққа жол ашпауы тиіс: Президент әлеуметтік саясаттағы жаңа басымдықтарды белгіледі

Бүгін 15:52
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);