Саин көшесін Үлкен Алматы айналма автомобиль жолына (БАКАД) дейін ұзарту жұмыстары аясында Алатау ауданындағы Центральная көшесінің бір бөлігінде көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.
Атап айтқанда, 7–12 қараша аралығында сағат 23:00-ден 06:00-ге дейін Аруана көшесінен Саин көшесіне дейінгі бөлікте көлік қозғалысы тоқтатылады.
Жөндеу жұмыстары жүргізілетін аумақта ескерту белгілері орнатылады. Жүргізушілерден жол жүру бағытын алдын ала жоспарлауды сұраймыз.
Еске саламыз, көлік қозғалысына енгізілетін шектеу туралы барлық ақпарат @AlmatyJoly Telegram-арнасында, әкімдіктің әлеуметтік желілердегі парақшаларында, сондай-ақ 2GIS және «Яндекс Карты» қосымшаларында жарияланады.