Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Референдум
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Сәуірде еліміздегі тұрғын үй бағасы қаншалықты қым...

Сәуірде еліміздегі тұрғын үй бағасы қаншалықты қымбаттады

Әлеумет 06.05.2022, 15:29 1,154
Сәуірде еліміздегі тұрғын үй бағасы қаншалықты қымбаттады
Сурет: Ашық дереккөз

Бір айдың ішінде пәтерлерді қайта сату бағасы 1,8% өсіп, шаршы метріне 459 137 теңгені құрады


Бір жылда (2022 жылғы сәуір мен 2021 жылғы сәуірді салыстырғанда) пәтерлерді қайта сату бағалары 27,7%, жаңа тұрғын үйлерді сату 20,3% өсті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.


Ал абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі өткен жылғы тиісті аймен салыстырғанда 2022 жылғы сәуірде 22,2% артқан.


Осы ретте тұрғын үй бағасының қатарынан бесінші жыл өсіп жатқанын атап өткен жөн. Бағаның төмендеуі 2016 жылы ғана болды, ол кезде жаңа тұрғын үй нарықта 3,6%-ға арзандады, 2017 жылы қайта сату нарығындағы шаршы метрдің бағасы 1,6%-ға арзандаған.


«Бір айдың ішінде (2022 жылғы наурызға қарағанда) пәтерлерді қайта сату бағалары 1,8% өсіп, шаршы метріне 459 137 теңгені құрады. Жаңа тұрғын үйді сату және абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі алдыңғы аймен салыстырғанда сәуірде әрқайсысы 0,8%-ға жоғарылап, шаршы метріне тиісінше 412 315 теңге және 3 561 теңгені құрады», - делінген комитет хабарламасында.


Айта кетерлігі, ҚР СЖРА Ұлттық статистика бюросы тұрғын үй бағасы бойынша мониторингті ай сайын жүргізеді. Баға индекстері белгіленген елдімекендер бойынша іріктеп байқау деректері негізінде қалыптастырылады. Жаңа тұрғын үйлер бойынша ақпарат  сату бойынша операциялар жүргізетін құрылыс компанияларынан жиналады, бұл ретте пәтердің бастапқы және таза әрленгендегі бағасы ескеріледі. Пәтерлерді қайта сату және жалға алу бойынша деректер интернетте, бұқаралық ақпарат құралдарында орналастырылатын хабарландырулар негізінде жиналады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#баспана #тұрғын үй #баға #нарық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АБАЙТАНУШЫЛАР СИМПОЗИУМЫ ӨТТІ

Кеше 19:50

Конституциялық реформа – елдің ұзақ мерзімді дамуының негізі

Кеше 18:42

Зейнеткерлерге қай ел жайлы?

Кеше 17:39

Алматыда Жамбыл атындағы кітапхананың мерейтойы мен ақынның 180 жылдығы аталып өтті

Кеше 17:27

Табысы төмен отбасыларға ақша беріледі деген рас па?

Кеше 17:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі