AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Алматының таулы аймақтарында экологиялық акция өтт...

Алматының таулы аймақтарында экологиялық акция өтті

Алматы Бүгін 19:55 54
Алматының таулы аймақтарында экологиялық акция өтті

25 қазанда Алматыда Республика күніне орай «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы өтіп, Үлкен және Кіші Алматы шатқалдары мен Медеу аумағында тазалық жұмыстары жүргізілді, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Іс-шараға қала әкімдігінің қызметкерлері, ұлттық парк өкілдері, жастар ұйымдары, еріктілер мен қала тұрғындары қатысты.

Экологиялық акцияның мақсаты – табиғи аумақтарды тұрмыстық қалдықтардан тазарту, қоршаған ортаны қорғау және тұрғындар мен туристердің экологиялық мәдениетін арттыру.

Алматы қаласы Туризм басқармасының басшысы Ғалия Тоқсейітованың айтуынша, таулы шатқалдар қаладағы туристер жиі баратын орындардың қатарына жатады. Келушілер санының артуы табиғи ортаға түсетін жүктемені де көбейтеді.

– Кіші Алматы шатқалында тазалық жұмыстары сағат 12:00-де Кіші Алматы өзенінің арнасын бойлай жүргізілді. Бұл аумақты тазартуға 300 адам қатысты. Ал Үлкен Алматы шатқалында сағат 14:00-де басталған акцияға 150 адам жұмылдырылды. Жалпы, екі шатқалдағы тазалық жұмыстарына 450 адам қатысты. Таулы шатқалдар – қаладағы ең көп баратын туристік бағыттардың бірі. Туристер ағыны артқан сайын қоршаған ортаға түсетін салмақ та көбейеді. Тазалық жұмыстары тұрақты жүргізілгеніне қарамастан, кейбір келушілер қоқыс қалдырып, табиғи аумақтарды ластап, экожүйеге зиян келтіреді, – деді ол.

Алматы қаласы Бостандық ауданының әкімі Азамат Қалдыбеков экологиялық мәдениетті қалыптастыруда әр азаматтың жауапкершілігі маңызды екенін атап өтті.

– Республика күніне орай «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы өтті. Соңғы бір жылдың ішінде қалаға 1,5 миллионнан астам турист келген. Табиғатты қорғау үшін әр азаматтың санасы өзгеруі керек. Тұрғындар мен қонақтардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға күш салуымыз қажет. Сондықтан барша қала тұрғынын осы игі іске атсалысуға шақырамын, – деді ол.

«Іле-Алатау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі директорының орынбасары Хамит Ахметов те табиғатты қорғау әр азаматтың міндеті екенін айтты.

– «Таза болса табиғат, аман болар адамзат» демекші, табиғатты қорғау – әр азаматтың міндеті. Үлкен Алматы шатқалында экологиялық акцияның өтуіне келушілер мен туристерден кейін қалатын тұрмыстық қалдықтар себеп болып отыр. Қоқыс табиғи ортаға зиян келтіріп, экожүйенің тепе-теңдігіне әсер етуі мүмкін. Сондықтан әрбір демалушы өзінен кейін тазалық сақтап, қоқысын белгіленген орынға тастауы керек. Табиғатты қорғау бір күндік акциямен шектелмей, күнделікті әдетке айналуға тиіс, – деді ол.

Таулы аумақтардың тазалығын сақтау мақсатында Алматы қаласының Полиция департаменті мониторинг пен патрульдеуді күшейтті. Құқықбұзушылықтардың алдын алу, экологиялық талаптардың сақталуын бақылау және табиғи аумақтарды ластамау жөніндегі жұмыстар тұрақты түрде жалғасады.

Табиғи аумақтарды таза ұстау – тек коммуналдық және табиғатты қорғау қызметтерінің емес, барша тұрғын мен қала қонағының ортақ міндеті. Қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарау, қоқыс қалдырмау және табиғи нысандарды қорғау Алматының көрікті тау шатқалдарын келер ұрпаққа сақтап жеткізуге мүмкіндік береді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Экология
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Республика күніне орай таулы аумақтарды тазарту бойынша экологиялық акция өтті

Бүгін 17:37

Республика күніне зияткерлік сый: Алматы мектебінің 13 оқушысы SAT-тан жоғары нәтиже көрсетті

Бүгін 15:02

Республика күніне орай Мемлекет басшысының атына келіп түскен құттықтау жеделхаттары

Бүгін 13:45

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бүгін 12:35

Алматы қаласында үлкен мерекелік OPEN AIR концерті өтеді

Бүгін 12:33
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);