AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / "Салбурын", "Алпамыс" жыры және тақия ЮНЕСКО мәден...

"Салбурын", "Алпамыс" жыры және тақия ЮНЕСКО мәдени мұралар тізіміне енуі мүмкін

Әлеумет 12.12.2025, 15:04 958
"Салбурын", "Алпамыс" жыры және тақия ЮНЕСКО мәдени мұралар тізіміне енуі мүмкін
Cурет: Turkystan.kz

Үндістанның Нью-Дели қаласында өтіп жатқан ЮНЕСКО Үкіметаралық комитетінің 20-шы сессиясында «Киіз үйді жасау және қолдану дәстүрі» аталымын кеңейту туралы шешім қабылданды.

 Бұл туралы Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин мәлім етті, деп хабарлайды Aqshamnews.kz.

Оның айтуынша, Қазақстанның "Салбурын" ұлттық өтінімі және "Кесте тігу өнері", "Алпамыс жыры", тақия аталымдары ЮНЕСКО-ның қарауында.

"Үндістанның Нью-Дели қаласында өтіп жатқан ЮНЕСКО Үкіметаралық комитетінің 20-шы сессиясында «Киіз үйді жасау және қолдану дәстүрі» аталымын кеңейту туралы шешім қабылданды. Оны беделді тізімге 2014 жылы Қазақстан мен Қырғызстан енгізген болатын. Бұл киіз үйді әлемдік мәдениеттің бір бөлшегі ретінде тану мүмкіндігін арттырады және Орталық Азия мұрасының ортақ екенін айғақтайды.

Қазақстан осыған дейін ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұраларының репрезентативті тізіміне 14 аталым қосқан болатын. Еліміз аталған көрсеткіш бойынша 183 мемлекеттің ішінде үздік 25 елдің қатарында тұр.

Сонымен қатар қазіргі таңда Қазақстанның «Салбурын» ұлттық өтінімі және «Кесте тігу өнері» (Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстан), «Киіз басу өнері» (Қазақстан, Қырғызстан, Әзербайжан, Иран, Моңғолия, Тәжікстан, Түркия, Өзбекстан), «Алпамыс жыры» (Қазақстан, Әзербайжан, Түркіменстан, Түркия, Өзбекстан), «Тақия» (Қазақстан, Түркіменстан, Әзербайжан, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан, Түркия) аталымдары ЮНЕСКО-ның қарауында екенін айта кеткен жөн", - деді Е. Қарин.

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Салбурын #Алпамыс жыры #тақия
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды

Бүгін 14:15

Қазақстанда бір апта ішінде картоп, пияз және қырыққабат бағасы төмендеді

Бүгін 13:59

Алматыда «Патологтар мектебі - 2026» өтті

Бүгін 13:51

Тоқаев қазан айында Қазақстан халқына Жолдау жасайды

Бүгін 13:40

Президент: «Ұлттық спорт түрлерін дамыту – аса маңызды міндет»

Бүгін 13:34
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);