AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / Садақшылар көшпенділер ойынына дайындықты бастады

Садақшылар көшпенділер ойынына дайындықты бастады

Спорт 04.12.2023, 12:45 1,182 Almaty-akshamy.kz. 
Садақшылар көшпенділер ойынына дайындықты бастады
Сурет: ашық дереккөз

Алдағы жылы күзге салым елордада дүниежүзілік көшпенділер ойыны өтеді.


Елге 100-ден астам мемлекеттен спортшылар келеді. Байрақты бәсекеге біздің сайыпқырандарымыз да әлден дайындықты бастап кетті. Олардың қатарында садақшыларымыз да бар, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz 24.kz-ке сілтеме жасап.


- Дәстүрлі садақ ату қазақтың қанына сіңген өнер болса да, өздеріңіз көріп тұрғандай нысананы көздеп, жебені діттеген жеріңе тигізу екінің бірінің қолынан келе бермейді. Ол үшін өткір көз бен қуатты қол, сондай-ақ жүйкенің мықтылығы керек.


Қасымхан Қанат дәстүрлі садақ атудан көшпенділер ойындарының ел бойынша тұңғыш жүлдегері. Былтыр 32 елден қатысқан 95 спортшының арасында озық шығып, финалда өнер көрсеткен. Бірақ ақтық сайыста жолы болмай 2 ұпай айырмашылығымен Оғыз Окшадан жеңіліп, күміс медаль олжалады. 



Қанат Қасымхан, IV Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының күміс жүлдегері: - Жалпы ол жақта бір ғана нысана болды. Пута нысанасы. Ал өзіміздің елде қазақтың төл нысаналары қалқан, жамбы нысаналары арқылы жарысатын боламыз. Енді дайындығымызды көбейтіп жатырмыз. Бұл жолы 1 ғана алтын емес , 2-3 алтын алуға ниеттіміз.



Құрама бапкері Диас Ахметовтің айтуынша Қасымханнан бөлек алтыннан үмітті Ербол Тапенов, Айым Тілепберген, Фариза Сабыржан, Мақсат Әбдікерімов сияқты мергендер бар. 



Диас Ахметов, ҚР Ұлттық құрамасының бас бапкері: - Барлық дайындықтарымызды жеңуге тырысамыз. Және бізге кішкене болсын көмегі бар бұл біздің алаң. Яғни біз өз ережемізді жасап жатырмыз. Өзіміздің ережемізге сәйкес өткізетін боламыз. Және біздің алаң бүгіннен бастап белгілі болды. Сондықтан бізде үлкен мүмкіндік бар ұтуға. Яғни біз бүгіннен бастап, қар ериді мамыр айында сол жерге күні-түні қонсақта дайындалатын боламыз.



Республикалық дәстүрлі садақ ату федерациясы 2019 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Қазір дәстүрлі садақ ату қарқынды дамып келе жатқан спорт түрі.



Бақдәулет Сәбитов, ұлттық және ат спорты түрлері орталығының директоры: - Көшпенділер ойынына келетін болсақ, келесі жылға біз Қазақстан чемпионатын өткізіп қойдық.Соның нәтижесінде ұлттық құрама жасақталады.Ұлттық құраманың тізімі 20 желтоқсанға дейін бекітілуі тиіс. Жалпы 11 спортшы қатыстырсақ деген жоспар бар. Жалпы мен өзім мекеме басшысы ретінде талап қойып отырмын. Кемінде 2 алтын алу керек деген. Ары қарай спортшылар өздері көреді. Біз 2 алтын алуға барлық жағдайды жасаймыз. Дайындығына, садағына, оғына, экипировкасына. Қажет болған жағдайда түрлі дәру-дәрмектеріне бүкіліне жағдай жасаймыз. 



5-дүниежүзілік көшпенділер ойыны 8-15 қыркүйек аралығында елордамызда өтеді. 100 ден астам мемлекеттен 4000-ға жуық спортшы келеді деп жоспарланған. Олар спорттың 20 түрінен бақ сынайды. Солардың ішіндегі дәстүрлі садақ ату өзгелерден бәсі биік, жүлдегі басты үмітті спорттың түрі. Алтынның жолында спортшылар да, бапкерлер де барын салып жатыр. Оған біз де куәміз, сіз де куәсіз.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#спорт #садақ #көшпенді
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық боксшылар Сербиядағы турнирде жеті медаль жеңіп алды

Бүгін 18:32

Өрт сөндіру бөлімінің радиотелефонисі кикбоксингтен әлем чемпионы атанды

Бүгін 18:29

Қазақстандық оқушылар OIBO-2026 халықаралық ашық биология олимпиадасына қатысуда

Бүгін 18:26

Мәдениет шамы сөнбесін

Бүгін 17:36

Астанада «Мәдениет және инновация» республикалық форумы басталды

Бүгін 17:23
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);