AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Саясат / «Халықтық құрылыс» бағдарламасы бойынша арнайы ком...

«Халықтық құрылыс» бағдарламасы бойынша арнайы комиссия жұмысын бастайды

Саясат Бүгін 16:15 32
«Халықтық құрылыс» бағдарламасы бойынша арнайы комиссия жұмысын бастайды
Ақорда

Мемлекет басшысы ел дамуының орта және ұзақмерзімді жоспарлары барын айтып, мемлекеттік қызметтегі жауапкершілік, заң үстемдігі және шынайы отаншылдықтың маңызына тоқталды, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Президенттің айтуынша, «Халықтық құрылыс» бағдарламасы, жемқорлықпен күрес, мемлекеттік басқару жүйесіндегі реформа және қоғамда жаңа жасампаз құндылықтарды орнықтыру – ауқымды жұмыстың бастамасы ғана. Алда әлі талай міндет пен биік белес бар.

Мемлекет басшысы ел дамуына қатысты орта және ұзақмерзімді жоспарлары барын атап өтті. Сондай-ақ Егемендік пен Тәуелсіздікті қорғауға қатысты кейбір мәселе әлі түбегейлі шешілмегенін айтып, бұл бағытта бейқамдық танытуға болмайтынын ескертті.

«Менің ойымша, Мемлекет басшысының міндеті – жүйелі әрекет ету, діттеген мақсаттан айнымау, ел тағдырындағы маңызды шешімдер үшін жауапкершілік арқалау. Еліміздегі өзгерістердің қарқын алғаны қуантады. Ол енді тоқтамайды», – деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев халықтың әл-ауқаты мен ұлттық мүддені жеке басының қамынан жоғары қоятын мемлекетшіл тұлғалар қажет екенін айтты. Оның сөзінше, шынайы отаншылдық адамдарға қамқорлық жасаудан және кейінгі ұрпаққа қандай мұра қалдыратыныңды ойлаудан көрінеді.

«Бақ-дәулет келеді де кетеді, ал соңыңда жасаған ісің мен жақсы атың қалады. Соның бірі – ертең адамдар, келер ұрпақ игілігін көретін әлеуметтік инфрақұрылымдар», – деді Мемлекет басшысы.

Президент қоғамда заң үстемдігін орнықтыру үшін азаматтардың моральдық ұстанымы берік болуы керегін атап өтті. Осыған байланысты жаңа қоғамдық этиканы қалыптастыру мен «Таза Қазақстан» тұжырымын дәріптеудің маңызын айтты. Оның пікірінше, тазалық тек қоршаған ортадан емес, азаматтардың ниетінен, сөзінен және іс-әрекетінен де байқалуға тиіс.

Мемлекет басшысы ешкім заңнан жоғары тұрмайтынын айтып, бұл талап «Халықтық құрылыс» бағдарламасын жүзеге асыру кезінде де қатаң сақталуы қажет екенін ескертті. Осы бағытта арнайы комиссия жұмысын бастайды.

«Кім қылмыс жасайды, сол міндетті түрде жазасын алады. Кім өз жұмысына салғырт қарайды, сол орнынан босатылады. Жоғары лауазым – ең алдымен, жоғары жауапкершілік деген сөз. Халықтың тағдырына әсер ететін шешімдерді қабылдайтын адамның ниеті, ойы, қолы таза болуы керек», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент адамның шыққан тегі мен лауазымынан гөрі, оның іскерлігі маңызды екенін атап өтті. Сондай-ақ елге сіңірген еңбегі үшін азаматтарға құрмет көрсетілетінін, алайда бұрынғы жетістіктерге сүйеніп, жауапкершіліктен жалтаруға болмайтынын айтты.

Сөз соңында Мемлекет басшысы ел мүддесіне адал қызмет ететін азаматтарға әрдайым құрмет көрсетілетінін жеткізді.

«Түптеп келгенде, ерлік жасау – елдік мұратқа қызмет ету деген сөз. Ұлт мүддесіне мінсіз және адал қызмет ететін азаматтарға әрдайым құрмет көрсетіледі. Бұл – Әділетті Қазақстанның мызғымас қағидаты», – деді Президент.

Дереккөз

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Халықтық құрылыс #Тоқаев #құрылыс
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыға ЮНИСЕФ-тің өңірлік директорының орынбасары келді

Бүгін 16:29

Қазақстанда биыл 24,5 млн тонна астық жиналды – Президент

Бүгін 16:21

Тоқаев: Азаматтардың тұрмыс сапасы шенеуніктердің көңіл күйіне тәуелді болмауы керек

Бүгін 16:15

Алматының барлық сегіз ауданында 19 ашық мұз айдыны ашылады

Бүгін 16:10

Алматыда ЖРВИ жұқтырған балаларды ауруханаға жатқызуға арналған төсек-орын қоры ұлғайтылуда

Бүгін 16:07
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);