AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Саясат / Тоқаев: Азаматтардың тұрмыс сапасы шенеуніктердің...

Тоқаев: Азаматтардың тұрмыс сапасы шенеуніктердің көңіл күйіне тәуелді болмауы керек

Саясат Бүгін 16:15 26
Тоқаев: Азаматтардың тұрмыс сапасы шенеуніктердің көңіл күйіне тәуелді болмауы керек
Ақорда

Мемлекет басшысы мемлекеттік басқару жүйесін реформалау, инвестициялық ахуалды жақсарту және қоғамда жаңа құндылықтарды қалыптастыру мәселелеріне тоқталды. Президенттің айтуынша, елдегі азаматтардың тұрмыс сапасы жекелеген шенеуніктердің көзқарасына немесе шешіміне емес, заң мен тұрақты институттарға сүйенуі керек. Сондай-ақ ол мемлекеттік қызметшілердің жауапкершілігі мен шынайы отаншылдықтың мәніне назар аударды, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекет пен халықтың игілігі үшін қызмет ету үлкен мәртебе екенін атап өтті. Оның сөзінше, мемлекеттік қызметшілер тәртіп сақтап, өз жұмысына жауапкершілікпен қарауы керек. Бұл – мемлекеттік қызметшілер мен отаншыл азаматтардың бойынан табылуға тиіс қасиет.

Президент Қазақстан шетелдік инвестицияны тарту, бизнестің белсенділігін ынталандыру және инвестициялық ахуалды жақсарту саясатын жалғастыратынын айтты. Стратегиялық мақсат – қолайлы инвестициялық орта қалыптастырып, кәсіпкерлікке кедергісіз жағдай жасайтын институционалдық негізді нығайту.

– Біз табыс пен игілікке жеке адамдар емес, институттар кепілдік беретін мемлекет құрып жатырмыз. Еліміздегі оң өзгерістердің түпкі мәні де – осы: адамдардың тұрмыс сапасы біреудің біреуге бүйрегі бұрғанына, қандай да бір шенеуніктің көңіл-күйіне тәуелді болмай, керісінше, еңбекқорлық, талант, отаншылдық секілді объективті критерийлерге сүйенуі керек, – деді Мемлекет басшысы.

Сонымен қатар Президент бизнеске заңсыз кедергі жасауға жол берілмеуге тиіс екенін атап өтті. Оның айтуынша, мұндай әрекет мемлекетке қарсы қылмыс болып саналады.

Қасым-Жомарт Тоқаев «Халықтық құрылыс» бағдарламасы, сыбайлас жемқорлықпен күрес, мемлекеттік басқару жүйесіндегі реформа және қоғамда жаңа жасампаз құндылықтарды орнықтыру елді дамыту жолындағы ауқымды жұмыстың бастамасы екенін айтты. Мемлекет басшысының орта және ұзақмерзімді перспективаға арналған жоспарлары бар. Сондай-ақ ол Егемендік пен Тәуелсіздікті қорғауға қатысты кейбір мәселелер әлі де түбегейлі шешімін таппағанын еске салды.

– Менің ойымша, Мемлекет басшысының міндеті – жүйелі әрекет ету, діттеген мақсаттан айнымау, ел тағдырындағы маңызды шешімдер үшін жауапкершілік арқалау. Еліміздегі өзгерістердің қарқын алғаны қуантады. Ол енді тоқтамайды, – деді Президент.

Мемлекет басшысы елге халықтың әл-ауқаты мен ұлттық мүддені жеке басының қамынан жоғары қоятын мемлекетшіл тұлғалар қажет екенін де айтты. Оның пікірінше, шынайы отаншылдық адамдарға қамқорлық жасаудан және кейінгі ұрпақтың игілігін ойлаудан көрінеді.

– Шынайы отаншылдық адамдарға қамқорлықтан көрінеді, кейінгі ұрпаққа не қалдырамыз деген салмақты сауалмен өлшенеді. Бақ-дәулет келеді де кетеді, ал соңыңда жасаған ісің мен жақсы атың қалады, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сондай-ақ Президент қоғамда заң үстемдігін қамтамасыз ету үшін азаматтардың моральдық ұстанымы берік болуы керегін атап өтті. Осы орайда жаңа қоғамдық этиканы қалыптастыру мен «Таза Қазақстан» тұжырымын дәріптеудің маңызын айтты. Оның сөзінше, тазалық азаматтардың ниетінен, сөзінен және іс-әрекетінен көрініс табуға тиіс.

Дереккөз

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Тоқаев #тұрмыс сапасы #мемлекеттік басқару
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыға ЮНИСЕФ-тің өңірлік директорының орынбасары келді

Бүгін 16:29

Қазақстанда биыл 24,5 млн тонна астық жиналды – Президент

Бүгін 16:21

«Халықтық құрылыс» бағдарламасы бойынша арнайы комиссия жұмысын бастайды

Бүгін 16:15

Алматының барлық сегіз ауданында 19 ашық мұз айдыны ашылады

Бүгін 16:10

Алматыда ЖРВИ жұқтырған балаларды ауруханаға жатқызуға арналған төсек-орын қоры ұлғайтылуда

Бүгін 16:07
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);