AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қытайлық өндірушілері Қазақстанға импорттайтын аяқ...

Қытайлық өндірушілері Қазақстанға импорттайтын аяқ киімдерді тегін таңбалауға дайын

Әлеумет 17.11.2023, 12:41 1,544 Almaty-akshamy.kz. 
Қытайлық өндірушілері Қазақстанға импорттайтын аяқ киімдерді тегін таңбалауға дайын
Сурет: ашық дереккөз

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі аяқ киімді цифрлық таңбалау бойынша өкілетті органы ретінде Бірыңғай оператормен бірлесіп аяқ киім өндірушілермен және ірі логистикалық компаниялармен тауарды таңбалау мәселелері бойынша келіссөздер өткізді.


Кездесу барысында Beijing Vitcony компаниясының басшылығы тегін таңбалау қызмет көрсетуге дайын екенін айтты, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 



«Сіздің кәсіпкерлеріңіз барлық деректерді енгізуіміз үшін жапсырмада болуы керек ақпаратты PDF форматында жіберуі тиіс. Осыдан кейін біз бүкіл процедураны орындаймыз. Клиент тек жеткізу қызметтерін үшін төлеуі керек. Бұл түпкілікті бағаға әсер етпейді. Біз серіктестеріміздің бізден тек жоғары сапалы қызмет алуы үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймыз», - деді Фаина Таньядаша, Beijing Vitcony бас директоры.



Сараптама нәтижесінде қытайлық өндірушілер - аяқ киім тігу бойынша ірі фабрикалар басқа да көрші елдер аумағына экспортталатын тауарлар бойынша таңбалау қызметін қазірдің өзінде жүзеге асырып жатқаны анықталды. Тиісінше, барлық бизнес-процестер тестітлеуден өтіп, жүзеге асырылып, бірнеше рет сынақтан өткен және Қазақстан Республикасының аумағына аяқ киім өнімдерін импорттау барысында қолданылуға дайын.


Сонымен қатар, экспортқа шығатын жүктерді «жинау және топтау пункттері» болып табылатын ірі трансшекаралық тораптар ресейлік және қазақстандық импорттаушыларға аяқ киім өнімдерін таңбалау қызметін көрсетуде. Бұл процедураның құны бір жұп аяқ киім үшін 0,2-ден 0,5 юаньға (13-33 теңге) дейін жетеді, кейде аталмыш рәсім жүк көлеміне және тауар иесімен жасалған келісімдерге байланысты қосымша төлемсіз жалпы кешенді қызмет ретінде беріледі.


«Baby sky» брендінің өкілдері де тегін ынтымақтастыққа дайын екендіктерін жеткізді. Тауарлардың үлкен көлемін экспорттайтын болса, олар арнайы кодты жабыстыруға жұмсалатын барлық шығындарын өздері көтеруге дайын. Айта кетерлігі, қытайлық өндірушілер қазақстандық аяқ киім нарығының жалпы көлемінің 70 пайызын қамтиды.


Айта кету керек, міндетті таңбалау енгізілгеннен бері Қазақстанға аяқ киімнің ресми импорты салыстырмалы түрде айтқанда 2019 жылғы 39,5 миллион жұп болса, 2021 жылы 53,1 миллион жұпқа жетіп, 34 пайызға өскен. Ал 2022 жылдың 7 айында 26,1 миллион аяқ киім міндетті таңбаланса, 2023 жылы 35,6 млн. жұпқа жеткен. Демек, 36 пайызға өскендігін байқауға болады. 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#аяқ киім #таңбалау #бірыңғай оператор #сауда #нарық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Бүгін 21:14

Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Бүгін 19:05

Бектенов Дүниежүзілік банк сарапшыларымен Қазақстан экономикасына инвестиция тарту мәселесін талқылады

Бүгін 17:25

Қазақстанда жаңа Ұлттық сыйлық пайда болады

Бүгін 16:54

Сауалнама нәтижесі: қазақстандықтардың басым бөлігі Президентке сенеді

Бүгін 16:51
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);