AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / Қысқы Олимпиада: бүгін жарыс жолында ел намысын кі...

Қысқы Олимпиада: бүгін жарыс жолында ел намысын кімдер қорғайды?

Спорт 18.02.2026, 10:07 519
Қысқы Олимпиада: бүгін жарыс жолында ел намысын кімдер қорғайды?
фото: Сали Сабиров

Бүгін, 18 ақпанда, Италияда өтіп жатқан қысқы Олимпиада ойындарында Қазақстан құрамасынан сегіз спортшы бағдарламаның төрт түрі бойынша өнер көрсетеді, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Жарыс күні біздің команда үшін шаңғы трассасынан басталады: Дарья Ряжко мен Надежда Степашкина әйелдер арасындағы командалық спринтке қатысады (басталуы 13:45). Ал Наиль Башмаков пен Амирғали Мұратбеков ерлер арасындағы командалық спринтте сынға түседі (14:15).

Тікелей эфир «Хабар» телеарнасынан және оның ресми сайтынан көрсетіледі.

14:00-де шаңғы фристайл-акробатикасы мен тау шаңғысындағы слалом жарыстары басталады. Фристайлда Қазақстан намысын Аяна Жолжас қорғаса, слаломда Александра Скороходова жарыс жолына шығады. Трансляция Qazsport сайтында, сондай-ақ Jibek Joly арнасында қолжетімді болады.

18-інен 19 ақпанға қараған түні шорт-тректен 500 метр қашықтықта ширек финал, жартылай финал және финал өтеді. Қазақстандық екі спортшы Абзал Әжіғалиев пен Денис Никиша іріктеуден өтіп, жүлде үшін күресті жалғастырады.

Тікелей эфир Qazsport арнасында 00:15-те басталады.

Еске салайық, Абзал Әжіғалиевтің Олимпиадада ширек финалға шығуы өз жарысындағы ерекше мәреге байланысты әлеуметтік желіде кең тараған. Ал мәнерлеп сырғанаушы Софья Самоделкина кеше Олимпиададағы алғашқы өнер көрсетуін өткізді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#олимпиада #спорт
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда жауын-шашынға байланысты коммуналдық қызметтің кезекшілігі күшейтіледі

Кеше 18:11

Алматының әкімі қаланың көше-жол желісін кеңейту жобаларымен танысты

Кеше 18:08

Бүгін Алматының бір метро станциясы жабылады

Кеше 16:30

«Гулливердің» Ұлттық ұланға саяхаты: Шымкентте 47 өлшемді аяқ киім киетін сарбаз қызмет етеді.

Кеше 16:20

Азиада-2026: Қазақстанның спортшыларына қанша сыйақы беріледі?

Кеше 15:38
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);