Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Референдум
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Референдум
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Қыркүйекте Алматыда «Келешек мектептері» жобасы ая...

Қыркүйекте Алматыда «Келешек мектептері» жобасы аясында 22,5 мың орындық 12 мектеп ашылады

Барлығы 30.08.2025, 22:15 577
Қыркүйекте Алматыда «Келешек мектептері» жобасы аясында 22,5 мың орындық 12 мектеп ашылады
Алматы әкімдігі

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды жаңа оқу жылының қарсаңында білім беру мекемелерінің дайындығына арналған жұмыс кеңесін өткізді.

Кеңес барысында қалалық Білім басқармасының басшысы Сайран Сайфеденов 2025–2026 оқу жылында Алматыда 353 жалпы білім беретін ұйым жұмыс істейтінін хабарлады.

Конституция күні мен Білім күніне орай қалада жаңа мектептер ашылады. «Келешек мектептері» жобасы аясында 7 жаңа мектеп пайдалануға беріледі. Жалпы сыйымдылығы – 12 мың орын. Олар Теректі, Самғау, Қарасу, Ақбұлақ, Нұрлы Дала шағынаудандарында, сондай-ақ Левитан көшесі мен Райымбек даңғылы, 210 мекенжайында орналасқан. Бұдан бөлек, қыркүйек айының соңына дейін тағы 5 мектеп пайдалануға беріледі. Олардың сыйымдылығы – 10,5 мың орын.

Жаңа білім ошақтарына 10 889 оқушы қабылданды. Оқыту үдерісін қамтамасыз ету үшін 693 педагог жұмысқа алынды. Оның ішінде 350-і enbek.kz порталы арқылы конкурс негізінде іріктелген, 343-і басқа білім беру ұйымдарынан ауыстырылған.

Қаланың оқушыларын қамтитын «Мектеп автобусы» жобасы жалғасуда. Бүгінде ол 44 мемлекеттік мектептің 7 532 оқушысын тасымалдайды. Жаңа мектептердің ашылуына байланысты жобаға деген сұраныс артып отыр.

Биылғы Білім күніне арналған салтанатты жиындар 1 қыркүйекте тек 1-сынып және бітіруші 11-сынып оқушылары үшін өтеді. Ал бірінші сыныпқа 29 240 бала, 11-сыныпқа 19 765 оқушы барады. Қалған сыныптар үшін 2 қыркүйекте Білім күніне арналған «сынып сағаты» ұйымдастырылады.

Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде қалада 88 колледж жұмыс істейді. Онда 85 544 студент оқиды. Оларға арналған 46 жатақханада 6 100-ден астам орын қарастырылған. Соның ішінде 10 мемлекеттік колледждің жанындағы 11 жатақхана 2 200-ден астам орын ұсынады.

Жоғары білім беру саласында Алматыда 35 университет бар. Мұнда 202 мың студент білім алуда. Олар үшін қаланың студенттік жатақханаларында 128 мыңнан астам орын бөлінген.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #мектеп #келешек мектептері
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Тоқаев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады

Бүгін 08:04

Халықаралық әйелдер күні қарсаңында жас ғалымдарға баспана сыйланды

Кеше 22:23

Әзербайжан президенті Тоқаевқа алғысын білдірді

Кеше 22:15

"Бүгін Иранға ауыр соққы жасалады" - Трамп

Кеше 17:32

Алматыда өртсөндіруші-құтқарушылар әріптестерін ерекше құттықтады

Кеше 16:49
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі