Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Құрылыс салушы 12 ай ішінде тұрғын үй құнын көтерм...

Құрылыс салушы 12 ай ішінде тұрғын үй құнын көтермеуі тиіс

Әлеумет 10.12.2024, 18:15 1,013
Құрылыс салушы 12 ай ішінде тұрғын үй құнын көтермеуі тиіс
Сурет Алматы қаласы әкімдігі

«Отбасы банк» тұрғын үй нарығында бағаның өсуіне жол бермеу мақсатында  тұрғын үйді таңдау және брондау тетігін енгізді

«Отбасы банк» АҚ басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимова 2024 жылдың 11 айында қаржы институты 32 895 қарыз бергенін баяндады. Жалпы, берілген несие сомасы 571 млрд теңгені құрады. Оның ішінде 7 861 қарыз тұрғын үй кезегінде тұрған қазақстандықтарға берілді. Банктің өз бағдарламалары бойынша – 25 034, - деп хабарлайды aqshamnews.kz

Қарыздардың 40%-ы «Наурыз» және «Отау» бағдарламаларына тиесілі, оның шеңберінде банк жалпы сомасы 240 млрд теңгеге 9 370 қарыз берді. Бағдарламаларды игеру маусым айында басталды, келесі жылдың басында жалғасады.

«Биыл екі мемлекеттік бағдарлама бойынша кезекте тұрғандарға баспана беру ісі жүргізілді. Яғни, бірінші бағдарлама – “Бақытты отбасы” баспақы жарнасы 10%-ды құрайды. Оған қатысушылар – ерекше қажеттілігі бала тәрбиелеп отырған азаматтар, І және ІІ топтағы мүгедектігі бар жандар, көп балалы отбасылар және жетім балалар. Республика бойынша 42 млрд теңгені құрайтын 3,5 мың қарыз берілді. Қалған 4,5 мың қарыз кезекте басқа санаттар бойынша тұрған азаматтарға екінші бағдарлама – “Шаңырақ” бойынша берілді», — деп атап өтті Ләззат Ибрагимова. 

2024 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша Тұжырымдамаға қатысушыларға несие беру үшін бюджет қаражатының қалдығы 45 млрд теңгені құрайды. Қалған қаражат 2025 жылдың І тоқсанында игеріледі. Келесі жылға болжамды қажеттілік 80 млрд теңгені құрайды.

«Наурыз» және «Отау» екі ірі ипотекалық бағдарламаларды бір мезгілде іске қосумен байланысты «Отбасы банк» тұрғын үй нарығында бағаның өсуіне жол бермеу мақсатында «Баспана маркет» жылжымайтын мүлік порталы арқылы қатысушылардың бастапқы тұрғын үйді таңдау және брондау тетігін енгізді. Осы тетікке сәйкес құрылыс салушы 12 ай ішінде тұрғын үй құнын көтермеуі тиіс. Қазіргі уақытта «Баспана маркет» порталында «Наурыз» және «Отау» бағдарламалары бойынша 921 тұрғын үй объектісі, 18 940 пәтер жарияланған. Олардың ішінде үздік 5 құрылыс компаниясы бар.

«2024 жылы Банк “Наурыз” және “Отау” бағдарламаларына барлығы 68,7 мың өтініш қабылдады. Бұл сатып алу бойынша нақты сұраныс көлемі. Бағдарламаларды іске асыру барысында Солтүстік Қазақстан, Қызылорда, Павлодар және Атырау облыстарында алғашқы нарықтағы тұрғын үйдің тапшылығы байқалды, бұл жағдай 2025 жылы да қайталануы мүмкін. 2025 жылы “Наурыз” бағдарламасы бойынша шығарудың жоспарланған көлемі 300 млрд теңгені құрайды», — деді спикер.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Отбасыбанк #Тұрғынүй #баспана
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда TEER технологиясымен бірегей операциялар жасалды

Бүгін 11:38

Ахметбек Қоңырбаев Президент Алғыс хатымен марапатталды

Бүгін 11:37

Тегін оқып, офицерлік шен алып, 100% жұмысқа орналасады: Алматыда ІІМ академиясына қалай түсуге болатынын айтты

Бүгін 11:12

Алматылық спортшы семсерлесуден әлем чемпионатында тарихи медаль жеңіп алды

Бүгін 10:55

ІІМ алаяқтықтың жаңа түрі туралы ескертті

Бүгін 10:50
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика