AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Түркістан облысында әлеуметтік-инфрақұрылымдық ныс...

Түркістан облысында әлеуметтік-инфрақұрылымдық нысандар жаңартылуда

Әлеумет Бүгін 20:30 26
Түркістан облысында әлеуметтік-инфрақұрылымдық нысандар жаңартылуда
Сурет: primeminister.kz

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев Түркістан облысына жұмыс сапары барысында өңірдегі әлеуметтік және инфрақұрылымдық нысандардың жұмысын тексерді. 

Атап айтқанда, Нұрлыбек Нәлібаев Кентау қаласындағы №5 жылу электр орталығының жұмысымен және жылу желілерін жаңғырту барысымен танысты. 1952 жылы пайдалануға берілген жылу электр орталығы қала тұрғындарын, әлеуметтік нысандар мен кәсіпорындарды жылумен қамтамасыз ететін негізгі нысан болып саналады.  2024 жылы стансадағы №7-12 қазандықтар жаңғыртылып, технологиялық үдерістерді басқарудың автоматтандырылған жүйесі енгізілді. Сондай-ақ ұзақ уақыт тоқтап тұрған ТГ-6 турбинасы қайта іске қосылды. 

Қаланы жылумен жабдықтау жүйесінің сенімділігін арттыру үшін 14,5 шақырым магистральдық және 14,6 шақырым орамішілік жылу желілері қайта жаңғыртылуда. 

Түркістан қаласындағы заманауи медициналық нысандарды аралау алдымен 80 орындық №3 перинаталдық орталықтың жаңа ғимаратынан басталды. Жоба Қазақстан мен Біріккен Араб Әмірліктері арасындағы екіжақты ынтымақтастық аясында «Абу-Даби» даму қорының қаржылай қолдауымен жүзеге асырылуда. 

Кешен төрт блоктан тұрады, жүктілік патологиясы бөлімі, босанғаннан кейінгі бөлім, босану және операция залдары, реанимация және қарқынды терапия бөлімшелері, сондай-ақ шала туған нәрестелерді күтуге арналған орындар қарастырылған.

Құрылыс-монтаж жұмыстары 100% аяқталған. Медициналық жабдықтарды сатып алу екі кезеңмен жүргізіледі, бүгінгі қамтамасыз ету деңгейі 75%. Нысанды желтоқсан айында пайдалануға беру жоспарланып отыр, іске қосылғанда 70 жаңа жұмыс орны ашылады.

 Түркістан қаласында 570 орындық көпбейінді аурухана құрылысы жалғасуда. Қазір нысанның дайындық деңгейі 88%, мұнда 300 адам еңбек етуде. Бұдан бөлек, Нұрлыбек Нәлібаев Түркістанның әкімшілік-іскерлік орталығында салынған 26 бес қабатты тұрғын үйді аралап көрді. Тұрғын үйлердің құрылысына 28,2 млрд теңге бөлінген. Құрылыс жұмыстары өткен жылы шілдеде басталып, биылғы мамырда аяқталған. Жаңа тұрғын үйлерде 1 039 пәтер бар. 

Сапар қорытындысы бойынша жауапты басшыларға құрылыс жұмыстарының сапасын қамтамасыз ету және белгіленген мерзімдерді сақтау, Кентау қаласының жылу желілерін жаңғыртуды қаржыландыру мәселесін шешу, сондай-ақ медициналық және әлеуметтік инфрақұрылым жобаларын іске асыру жөнінде тапсырмалар берілді.

Дереккөз

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Түркістан #инфрақұрылым #Әлеуметтік нысандар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Марат Ирменовті қабылдады

Бүгін 19:45

Алматыда блогерлерге арналған шеберлік сабағы өтті

Бүгін 19:43

Алматы тау кластері ең көп келушілерді қабылдаған курорттық бағыт атанды

Бүгін 19:02

Нұрлыбек Нәлібаев Түркістан облысындағы ірі энергетикалық нысанды уақтылы пайдалануға беруді тапсырды

Бүгін 18:45

Дархан Сатыбалды «Medeu City» ТК тұрғындарымен кездесті

Бүгін 18:40
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);