AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Алматыда блогерлерге арналған шеберлік сабағы өтті

Алматыда блогерлерге арналған шеберлік сабағы өтті

Алматы Бүгін 19:43 54
Алматыда блогерлерге арналған шеберлік сабағы өтті
Суретті ұйымдастырушылар ұсынған

Шеберлік сабағынан кейін қатысушыларға өз идеяларын жүзеге асыру ұсынылды, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Ерекше форматтағы кездесуде әлеуметтік желі арқылы тұрғындардың мұң-мұқтажын жеткізу, ауданның өзекті мәселелерін көтеру және олардың шешілуіне ықпал ету жолдары талқыланды.

Бүгінде әлеуметтік желіде жарияланған бір жазба талай адамның назарын аударып, нақты істің басталуына түрткі болуы мүмкін. Әсіресе, көше тазалығы, жолдардың жай-күйі, аулаларды абаттандыру, қоғамдық орындардың күтімі сияқты күнделікті мәселелерді көпшілікке жеткізуде блогерлердің ықпалы зор.

Осы мүмкіндікті тиімді пайдалану мақсатында Бостандық ауданының әкімдігі блогерлер мен әлеуметтік желі қолданушыларына арналған шеберлік сабағын өткізді.

Кездесуге PR мамандары мен тәжірибелі блогерлер қатысып, жеке парақшаны дамыту, оқырман қызығушылығын арттыру және көпшілікке пайдалы жазбалар әзірлеу жөнінде кеңестерімен бөлісті.

Lifestyle-блогер Сауле Сергазинова әлеуметтік желіде өз тақырыбын табу және оқырман сеніміне ие болу туралы әңгімеледі. Оның пікірінше, блог жүргізуді бастау үшін ерекше мүмкіндік немесе мінсіз жағдай күтудің қажеті жоқ. Адам өзі қызығатын істі қолға алып, күнделікті өміріндегі қарапайым оқиғалардан да көпшілікке ой салатын жазба жасай алады.

Кездесуде аудан тұрғындарын толғандырған мәселелерді әлеуметтік желі арқылы көтерудің маңызы да тілге тиек болды. Мәселен, жол жөндеу жұмыстары туралы алдын ала хабарлау, ауланы абаттандыруға қатысты ұсыныстарды жеткізу немесе тазалыққа байланысты түйткілдерді жария ету тұрғындарға да, жауапты мекемелерге де пайдалы. Мұндай жазбалар мәселені дер кезінде байқап, оның шешілуіне ықпал етеді.

Бостандық ауданының әкімі Азамат Қалдыбеков әлеуметтік желіде көтерілген мәселелерге назар аударып, блогерлермен және тұрғындармен байланысты нығайту қажеттігін атап өтті.

«Бүгінде блог жүргізудің бағыттары көп. Бірі қоғамдағы кемшіліктерді көрсетсе, енді бірі пайдалы бастамаларды қолдап, оң өзгерістерге жол ашады. Біз блогерлермен тығыз байланыс орнатып, әлеуметтік желіде көтерілген мәселелерді назардан тыс қалдырмауға ниеттіміз. Тұрғындардың өтініштерін дер кезінде біліп, оларды шешу үшін бірлесе жұмыс істеуіміз керек», – деді Азамат Қалдыбеков.

Шеберлік сабағынан кейін қатысушыларға өз идеяларын жүзеге асыру ұсынылды. Ұйымдастырушылар аудан өмірін танытуға арналған шығармашылық байқау жариялады. Қатысушылар Бостандық ауданының көрікті жерлері, жайлы аулалары, сүйікті орындары немесе назар аударуды қажет ететін мәселелері туралы бейнеролик түсіріп, не бірнеше Stories жариялай алады.

Байқау жұмыстары арнайы хештегтермен жарияланып, Бостандық ауданы әкімдігінің ресми парақшасы белгіленуі тиіс. Жеңімпаздар бір аптадан кейін анықталады. Үздік жұмыстардың авторларына демеушілер атынан бағалы сыйлықтар табысталады.

Бұл бастаманың мақсаты – тұрғындардың туған ауданының тыныс-тіршілігіне белсене араласуына мүмкіндік беру. Әрбір тұрғын өзіне жақын мәселені көтеріп, оның шешілуіне атсалыса алады. Ал әлеуметтік желідегі орынды жазба сол мәселенің жауапты мекемелерге жетуіне жол ашады. Қала тазалығы мен жайлылығы – баршаға ортақ жауапкершілік.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Түркістан облысында әлеуметтік-инфрақұрылымдық нысандар жаңартылуда

Бүгін 20:30

Мемлекет басшысы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Марат Ирменовті қабылдады

Бүгін 19:45

Алматы тау кластері ең көп келушілерді қабылдаған курорттық бағыт атанды

Бүгін 19:02

Нұрлыбек Нәлібаев Түркістан облысындағы ірі энергетикалық нысанды уақтылы пайдалануға беруді тапсырды

Бүгін 18:45

Дархан Сатыбалды «Medeu City» ТК тұрғындарымен кездесті

Бүгін 18:40
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);