Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Алматыда...

ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Алматыдағы ЖЭО-2 мен ЖЭО-3 нысандарын жаңғырту барысымен танысты

Әлеумет Бүгін 10:01 27
ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Алматыдағы ЖЭО-2 мен ЖЭО-3 нысандарын жаңғырту барысымен танысты

Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр Алматыға жасаған жұмыс сапары аясында қаланың жылу электр орталықтары — ЖЭО-2 және ЖЭО-3 нысандарын аралады, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Энергетикалық нысандарды шолу жұмыстарына қала әкімі Дархан Сатыбалды және салалық ұйымдардың өкілдері қатысты.

Алматының Алатау ауданында ЖЭО-2-ні табиғи газға көшіру арқылы жаңғырту жобасы жүзеге асырылып жатыр. Жобаның мердігері — Қытай Халық Республикасының компанияларынан құралған консорциум. Құрылыс жұмыстары 2024 жылы басталды, 2026 жылы аяқтау жоспарланған.

Жоба аясында жылу қуаты сағатына 952 Гкал-ға дейін, ал электр қуаты 600 МВт-қа дейін жететін заманауи газ стансасын салу көзделген. Жаңғыртудың басты мақсаты — қаланың энергиямен қамтылу сенімділігін сақтай отырып, қоршаған ортаға таралатын зиянды қалдықтардың көлемін азайту.

Қазіргі уақытта негізгі және қосалқы жабдықтарды жеткізу жұмыстары 99%-ға орындалған. Үш газ турбиналық қондырғы мен генераторлар, сондай-ақ, төрт су жылыту қазандығы орнатылған. Кәдеге жарату қазандығын монтаждау жұмыстары жалғасуда.

Қосалқы инфрақұрылым мен жол құрылысы аяқталған. Негізгі нысандардағы құрылыс-монтаж жұмыстарының жалпы дайындық деңгейі шамамен 55%. Қазіргі кезде жұмыстар бас корпус ғимаратында, су жылыту қазандықтарында, су дайындау жүйелерінде, газ дайындау пунктінде, сондай-ақ электр техникалық инфрақұрылым нысандарында жүргізіліп жатыр.

Алматы ЖЭО-2 — қаланың ең ірі жылу көзі. Жаңғырту қоршаған ортаға түсетін жүктемені едәуір азайтып, экологиялық қауіпсіздік деңгейін арттырып, Алматыны тұрақты жылу және электр қуатымен қамтамасыз етуге жол ашады.

Тексеру қорытындысы бойынша Роман Скляр жобаны белгіленген мерзімде жүзеге асыруды, құрылыс-монтаж жұмыстарының сапасына және жабдықтардың уақытылы жеткізілуіне бақылауды күшейтуді, сондай-ақ нысанды биыл пайдалануға беру үшін қажетті шараларды қабылдауды тапсырды.

Сапар барысында Алматы облысының Іле ауданында орналасқан ЖЭО-3 нысанын қайта жаңғырту жұмыстарының барысы да қаралды.

Аталған станса 2007 жылдан бері «Алматы электр стансалары» акционерлік қоғамының құрамында жұмыс істеп келеді. Жоба аясында қуаты кемінде 450 МВт болатын бу-газ қондырғысын салу және тозығы жеткен жабдықтарды жаңарту көзделген. Жобаның мердігері — қазақстандық компаниялар консорциумы.

Қазіргі уақытта инженерлік-іздестіру және жер жұмыстары толық аяқталып, іргетас орнату, сондай-ақ негізгі инфрақұрылым нысандарын салу жұмыстары қолға алынған. Газ турбиналық қондырғының алғашқы жиынтығы іргетасқа орнатылған, жабдықтарды монтаждау және энергетикалық нысандар құрылысы жалғасуда.

ЖЭО-3 бойынша Премьер-министрдің бірінші орынбасары құрылыс-монтаж жұмыстарының қарқынын жеделдету, жобаға қатысушылардың үйлесімді әрекетін қамтамасыз ету және құрылыс кезеңдерінің дер кезінде әрі сапалы аяқталуын бақылауға алу жөнінде тапсырмалар берді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#жэо
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Бүгінгі валюта бағамы

Бүгін 11:38

Тең мүмкіндіктерге арналған 18 идея: Қазақстанда инклюзияны дамытуға арналған гранттар іске қосылады

Бүгін 11:23

2026 жылдың I тоқсанының қорытындысы бойынша Қазақстан экономикасы 3%-ға өсті

Бүгін 10:42

Алматыдағы балалар ғылыми музейінің ашылуы Сингапурда талқыланды

Бүгін 10:16

Олжас Бектенов «Самұрық-Энерго» басшылығының Алматыдағы ЖЭО-2 және ЖЭО-3 жаңғырту жұмыстарының қарқыны туралы есебін тыңдады

Бүгін 10:12
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика