конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / ҚР Мәдениет және спорт министрі тұңғыш Кубогінің ж...

ҚР Мәдениет және спорт министрі тұңғыш Кубогінің жеңімпаздары анықталды

Спорт 24.05.2022, 17:00 1,739 Almaty-akshamy
ҚР Мәдениет және спорт министрі тұңғыш Кубогінің жеңімпаздары анықталды
Cурет: Almaty-akshamy.kz

Финалдық кезеңде медальдар спорттың төрт түрі бойынша ойнатылды


22-24 мамыр аралығында Нұр-Сұлтан қаласында Ж.Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің Кубогі үшін турнирдің финалдық кезеңі өтті. Жарысқа еліміздің спорт интернаттары мен колледждерінің 2006-2007 жылдары туған жасөспірімдері қатысты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


ҚР Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев салтанатты ашылу рәсіміне қатысып, жарыстың ақтық кезеңін бақылады, оның қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлерге медальдар табыстады. 




«Спортшылар мен жаттықтырушылар және болашақ чемпиондардың ата-аналары үшін шын жүректен қуаныштымын. Өңірлерде осы жарысты өткізу туралы бастаманы үлкен ынтамен қарсы алғандары қуантады. Күрделі іріктеу кезеңдерінен кейін елордада ең мықты спортшылар жиналды. Бұл жарыстардың атмосферасы сіздерге жағымды эмоция мен әдемі әсер сыйлайды, ал жарқын жеңіс қосымша серпін мен мотивация береді деп сенемін», - деді министр. 



Сондай-ақ, Дәурен Абаев аталған жарыс дәстүрлі түрде өтетініне және жас таланттарды ашуға көмектесетініне сенім білдірді. 
Айта кетейік, 1-4 мамыр аралығында өткен іріктеу кезеңіне республиканың барлық өңірінен 17 команда қатысты. Өңірлік турнир Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтөбе және Тараз қалаларында өтті.



Финалдық кезеңде медальдар спорттың төрт түрі бойынша ойнатылды: бокс, дзюдо, грек-рим және еркін күрес. Министрдің дебюттік Кубогының жалпы жүлде қоры 10 миллион теңгені құрайды. 1 орын - 5 миллион, 2 орын – 3 миллион, 3 орын – 2 миллион теңге.


Жарыс қорытындысы: 
1 орын - Қ. Мұңайтпасұлы атындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі (Нұр-Сұлтан қаласы)
2 орын - Кәркен Ахметов  атындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі (Алматы қаласы)
3 орын - Қызылорда облысының «Жалаңтөс Бахадүр атындағы олимпиада резервінің облыстық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі» КММ (Қызылорда облысы).


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Кубок #министрлік #спорт
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

ЮНЕСКО басшылығы қазақстандықтарды Ұлттық домбыра күнімен құттықтады

Бүгін 15:12

Маңғыстау облысында Бекет ата мешітіне жолға шыққан үш адам жоғалып кеткен

Бүгін 14:13

Алматыда Ұлттық домбыра күніне арналған «Домбыра – дастан» атты ауқымды мерекелік концерт өтті

Бүгін 11:34

Алматының коммуналдық қызметтері нөсер жаңбырдың салдарын жедел түрде жойды

Кеше 20:52

Иранда аятолла Әли Хаменеимен қоштасуға арналған аза тұту рәсімдері басталды

Кеше 17:50
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);