AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / ҚР ИИДМ көліктерді «Сергек» арқылы бақыламақ

ҚР ИИДМ көліктерді «Сергек» арқылы бақыламақ

Әлеумет 30.12.2022, 06:55 836
ҚР ИИДМ көліктерді «Сергек» арқылы бақыламақ
Сурет: Еxk.kz

Пилоттық жоба Астана-Теміртау учаскесінде іске асырылады.


ҚР ИИДМ көліктік бақылау қызметтерін автоматтандыру мақсатында «Сергекті» пайдалану мүмкіндігін қарастырып жатыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Zakon.kz-ке сілтеме жасап.


Қазіргі кезде ҚР ИИДМ жол қозғалысы ережелерін бұзушылықтарды автоматты фото-бейне тіркеу үшін Астана-Теміртау учаскесінде пилоттық жобаны іске асыруды көздеп отыр.



Министрлік өкілдері бұл жоба ірі көлемді және ауыр салмақты автокөліктердің қатысуымен болатын құқық бұзушылықты, сондай-ақ жолаушылар мен багажды тұрақты немесе тұрақты емес тасымалдау кезіндегі қауіпсіздікті автоматты түрде анықтап, көліктік бақылауды жүзеге асыру кезінде адами фактор мен сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау арқылы жол төсемінің сақталуын қамтамасыз ету бойынша әлеуметтік және экономикалық тиімділікке қол жеткізуге септігін тигізетінін айтты.



22 желтоқсанда Ішкі істер министрінің орынбасары Сәкен Сәрсенов пен Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Динара Щеглованың төрағалығымен жұмыс отырысы өткізіліп, оның барысында ішкі істер органдарының еліміздің қалаларындағы автожолдарда жол қозғалысы ережелерін бұзушылықтарды автоматты фото-бейне тіркеу бойынша жұмыс тәжірибесі талқыланды.


Статистикаға сәйкес, кейінгі 4 жылда елімізде 55 мыңға жуық жол-көлік оқиғасы тіркеліп, оның салдарынан 60 мыңнан астам адам зардап шегіп, 8 мыңнан астам адам қаза тапқан.


Бұл ретте «Сергек» аппараттық-бағдарламалық жүйесі енгізілген сәттен бастап, еліміздің жолдарында өлім-жітімнің 50%-дан аса төмендеуі байқалып, қоғамдық орындардағы қылмыс айтарлықтай азайыпты. Сондай-ақ жол қозғалысы ережелерін сақтамағаны үшін төленетін айыппұлдардың есебінен бюджетке 50 млрд теңгеге жуық қаражат түскен.


 


 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Сергек #пилот #көлік
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда өткен KITF 2026 көрмесіне 6 мыңнан астам адам келді

Бүгін 18:52

Олжас Бектенов Алматы тау кластері мен Almaty Superski жобаларын жүзеге асыру қарқынын жеделдетуді тапсырды

Бүгін 18:28

Мемлекеттік басқаруда жаңа технологиялық мәдениетті қалыптастыру және цифрлық шешімдерді ауқымдау

Бүгін 18:25

Шығармашылық индустрияны дамыту және ЖИ саласындағы кадрларды дайындау

Бүгін 18:22

Жаппай цифрландыру және ЖИ енгізу елді кешенді жаңғыртудың негізгі факторларының бірі болып табылады

Бүгін 18:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика