Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Референдум
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Референдум
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қос азаматтыққа шектеу қоятын құжат қабылданды

Қос азаматтыққа шектеу қоятын құжат қабылданды

Әлеумет 17.03.2022, 04:48 1,221
Қос азаматтыққа шектеу қоятын құжат қабылданды
Сурет: Inform.kz

Парламент Сенатының жалпы отырысында «Дербес деректер алмасу саласындағы әкімшілік мәселелер бойынша өзара құқықтық көмек туралы келісімді ратификациялау туралы» заңы қабылданды.


Бұл келісім ТМД елдерінің өкілетті органдары арасында жасалды. Құжат ақпарат алмасудың құқықтық негізін анықтайды. Келісімге 2020 жылы желтоқсанда Мемлекет басшылары кеңесінің отырысында қол қойылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 



 «Келісімді ратификациялау ТМД елдерінен азаматтықтың болуы немесе болмауы, жеке басты куәландыратын құжаттар, көші-қон есебінде тұрған адамдар, шетелдіктерге осы елдерге келуге және онда болуға берілген визалар, қылмыстық немесе әкімшілік жауапқа тартылғаны туралы мәліметтерді алуға болады. Аталған құжат қос азаматтықты болдырмауға мүмкіндік береді», - деді ҚР Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев.



Бұдан басқа келісім бойынша қосымша ақпаратты алуға болады. Басқа елден алынған жеке басын куәландыратын құжаттарды жоғалтқан кезде адамның кім екенін, азаматтың шетелде тұратын жерін анықтауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, әкімшілік немесе қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін адамдарды жауапқа тарту туралы мәліметтер құқықтық көмек көрсету аясында пайдаланылуы мүмкін. Бұл ақпараттарды өкілетті органдар сұрау салу арқылы алады. Жауап мерзімі екі айдан аспауы тиіс.



«Бұл ретте келісімде азматтарға қатысты мәліметтердің құпиялығы, ол деректерді пайдалануға шектеулер, сондай-ақ сұрау салуды қанағаттандырмайтын талаптар нақты жазылған. Құжатты ратификациялау ТМД елдеріндегі құзыретті органдардың өзара іс-қимылының тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Заң жобасы еліміздің барлық мүдделі мемлекеттік органдарымен келісілді», - деді М. Қожаев.



Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қос азаматтық #шектеу #заңды құжат
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда мектеп директорларын тағайындау жүйесі өзгереді

Кеше 17:09

Таяу Шығыстан 7300-ден аса қазақстандық елге оралды

Кеше 16:00

Марокко сарапшысы: Қазақстанның жаңа Конституциясы адам құқықтарын күшейтеді

Кеше 14:27

Алматыдағы бизнес өкілдері қала тұрғындарын референдумға қатысуға шақырды

Кеше 14:25

Жаңа Конституцияны қабылдау жөніндегі референдумға қазақстандықтардың 70%-дан астамы қатысуға ниетті

Кеше 12:38
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі