Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / Қорғаныс министрлігінің спортшылары халықаралық ту...

Қорғаныс министрлігінің спортшылары халықаралық турнирдің чемпионы болды

Спорт 07.06.2023, 15:46 1,297
Қорғаныс министрлігінің спортшылары халықаралық турнирдің чемпионы болды
Сурет: Gov.kz

Оған әлемнің 15 елінен 200-ден астам спортшы қатысты.


Орталық спорт клубының өкілдері Марина Седнева мен Жәмила Бақбергенова әйелдер арасындағы еркін күрестен халықаралық рейтингтік турнирде жеңіске жетті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Жарыс Қырғызстан астанасы Бішкекте өткен болатын. Қазақстан Қарулы күштерінің қызметкері Марина Седнева 55 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп, үш жекпе-жекте де жеңіске жетті. Оның бірінші қарсыласы - отандасы Зульфия Яхьярова, екіншісі - түрік спортшысы Мелда Дернекч болды. Канадалық Лорена Карла Годинес Гонсалеспен болған соңғы жекпе-жекте Марина Седнева 1-3 есебімен жеңіске жетіп, алтын медаль иеленді.


Турнир Орталық спорт клубының әскери қызметшісі әлем чемпионатының күміс жүлдегері ефрейтор Жәмила Бақбергеноваға да сәттілік әкелді. 72 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен ол алдымен итальяндық Далму Каневті жеңді. Екінші жекпе-жекте үндістандық спортшы Ритика Ритиканы 4-0 есебімен жеңіп, алтын медаль алды.



«Жәмила мен Марина өнер көрсететін салмақ дәрежелері Олимпиада бағдарламасында жоқ. Жақын арада іріктеу жарыстары басталады XXXII жазғы Олимпиада ойындары Парижде өтеді. Сондықтан Маринаның 53 келіге дейінгі санатқа көшуін жоспарлап отырмыз, Жәмила 76 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде күресетін болады», – деді Қорғаныс министрлігі Орталық спорт клубы еркін күрес командасының бастығы кіші сержант Нұрдәулет Көктекбаев.



Осылайша, армия спортшылары Марина Седнева мен Жәмила Бақбергенова Қазақстан Қарулы күштерінің қоржынына екі алтын медаль салды.


 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#спорт #қорғаныс #Күрес
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық баскетболшылар EYBL «Challenge Cup» турнирінде жүлдегер атанды

Бүгін 18:21

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды Түркия елшісімен кездесті

Бүгін 17:54

Алматыда №11 Қалалық емхананың 2025 жылғы жұмысының қорытындысы шықты

Бүгін 17:44

Төрехан Сабырхан жартылай финалда мерзімінен бұрын жеңіске жетті

Бүгін 17:13

Алматы дәрігерлері күрделі трихобезоарға сәтті ота жасады

Бүгін 16:48
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика