AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / «ENGLISH DETECTIVE» – АҒЫЛШЫН ТІЛІН ҮЙРЕНУДІҢ ЖАҢА...

«ENGLISH DETECTIVE» – АҒЫЛШЫН ТІЛІН ҮЙРЕНУДІҢ ЖАҢА ӘДІСІ

Білім және ғылым Бүгін 17:18 4
«ENGLISH DETECTIVE» – АҒЫЛШЫН ТІЛІН ҮЙРЕНУДІҢ ЖАҢА ӘДІСІ

Білім мен ойынның үйлесімі, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Қазіргі білім беру жүйесінде оқушылардың шет тілін меңгеруіне деген қызығушылығын арттыру және алған білімдерін күнделікті өмірде қолдана білуге үйрету – маңызды міндеттердің бірі. Әсіресе ағылшын тілін оқытуда оқушының тек грамматикалық ережелер мен жаңа сөздерді жаттап қана қоймай, сол білімді қарым-қатынас барысында еркін пайдалана алуы ерекше мәнге ие. Осы мақсатта дәстүрлі оқыту тәсілдерін заманауи, шығармашылық және интерактивті әдістермен толықтыру қажеттілігі туындайды.

Осы бағыттағы ізденістердің бірі – «English Detective» атты ағылшын тілін үйренуге арналған детективтік үстел ойыны. Бұл жоба оқушылардың тілдік дағдыларын ойын арқылы жетілдіруге, өз бетінше ойлануға, ақпаратты талдауға және топпен бірлесе жұмыс істеуге бағытталған.

Ойын арқылы тілдік кедергіні жеңу

Көп жағдайда оқушылар ағылшын тіліндегі сөздердің мағынасын білгенімен, оларды ауызша сөйлеу кезінде қолдануға қиналады. Кейбіреулері сұрақ қоюдан, өз ойын ағылшын тілінде жеткізуден немесе қателесуден қорқады. Мұндай жағдайда оқушыға тілдік білімін еркін қолдануға мүмкіндік беретін қолайлы орта қажет.

«English Detective» ойыны дәл осы мәселені шешуге бағытталған. Ойын барысында оқушылар детектив рөлін сомдап, белгілі бір оқиғаның құпиясын ашуға тырысады. Олар қылмыс картасын зерттейді, кейіпкерлер туралы ақпаратпен танысады, күдіктілердің жауаптарын оқиды, түрлі дәлелдерді салыстырады және ағылшын тілінде сұрақтар қояды.

Ойынның басты ерекшелігі – ағылшын тілі жеке пән ретінде ғана емес, нақты тапсырманы орындауға қажетті қарым-қатынас құралы ретінде қолданылады. Оқушы қажетті ақпаратты алу үшін сұрақ қояды, өз болжамын ұсынады және оны дәлелдер арқылы негіздейді.

«English Detective» ойынының ерекшелігі неде?

Жобаның практикалық өнімі бірнеше арнайы материалдан құралған. Олардың қатарында қылмыс картасы, кейіпкерлер карточкалары, күдіктілер туралы мәліметтер, құпиябелгілер, заттай дәлелдер, куәгерлердің жауаптары және тергеу парақтары бар.

Ойынның негізгі оқиғасы «The Missing Golden Cup» – «Жоғалған алтын кубок» деп аталады. Оқушыларға жоғалған затқа байланысты жұмбақ оқиғаның мән-жайын анықтау міндеті беріледі.

Ойын бірнеше кезең бойынша ұйымдастырылады. Алдымен қатысушылар оқиға туралы бастапқы ақпаратпен танысады. Кейін кейіпкерлердің мәліметтерін зерттеп, күдіктілерге сұрақтар қояды. Әр кезеңде жаңа дәлелдер ұсынылып, оқушылар бұрынғы ақпаратпен салыстырады. Соңында әртоп өз шешімін ағылшын тілінде таныстырып, кемінде бірнеше дәлел арқылы қорғайды.

Мысалы, оқушылар:

Where were you at seven o'clock? – Сағат жетіде қайда болдыңыз?

Who was with you? – Сізбен бірге кім болды?

What happened? – Не болды?

I think he is the suspect because... – Менің ойымша, ол күдікті, себебі...

сияқты сөйлемдерді қолданады.

Осылайша, оқушылар жаңа сөздерді жаттап қана қоймай, оларды нақты жағдаятта пайдаланып үйренеді.

Бір ойын – бірнеше дағдыны дамыту мүмкіндігі

«English Detective» жобасының маңызды қыры – бірнеше тілдік дағдыны бір уақытта дамытуға мүмкіндік беруі.

Біріншіден, оқушылардың сөздік қоры молаяды. Олар detective, suspect, witness, evidence, clue, crime scene, fingerprint, investigation сияқты жаңа сөздерді меңгереді.

Екіншіден, мәтінмен жұмыс жасау қабілеті жетіледі. Оқушылар карточкалардағы ақпаратты оқып, негізгі ойды анықтайды, маңызды мәліметтерді іріктейді және әртүрлі деректердің арасындағы байланысты табады.

Үшіншіден, ауызша сөйлеу және сұрақ қою дағдылары қалыптасады. Топтық жұмыс кезінде оқушылар өз пікірлерін білдіріп, бір-бірінің жауаптарын тыңдайды, ортақ шешім қабылдайды.

Сонымен қатар ойын логикалық және сыни ойлауды дамытуға ықпал етеді. Себебі кез келген дәлелді бірден дұрыс деп қабылдауға болмайды. Оқушылар ақпаратты салыстырып, күмәнді тұстарды анықтап, өз қорытындыларын негіздеуі қажет.

Ойынның тағы бір ерекшелігі – оны оқушылардың тілдік деңгейіне қарай бейімдеуге болады. Бастапқы деңгейдегі оқушыларға қысқа мәтіндер, суреттер және дайын сұрақ үлгілері ұсынылса, деңгейі жоғары оқушыларға күрделі тапсырмалар мен толыққанды тергеу есебін жазу беріледі.

Зерттеу нәтижелері – тәжірибедегі өзгерістер

Жобаның тиімділігін анықтау мақсатында 10 оқушымен тәжірибелік жұмыс жүргізілген. Зерттеу барысында оқушылардың сөздік қоры, мәтінді түсінуі, сұрақ құрастыруы, сөйлеуі және дәлелдерді талдау қабілеттері ойынға дейін және ойыннан кейін салыстырылған.

Зерттеу барысында оқушылардың ойынға белсенді қатысып, ағылшын тілінде сұрақтар қоюға және өзпікірлерін дәлелдеуге талпынғаны байқалған. Әсіресе топтық талқылау мен ортақ шешім қабылдау кезеңдері олардың өзара қарым-қатынас жасауына мүмкіндік берген.

Әрине, бұл нәтижелер шағын топпен жүргізілген тәжірибенің көрсеткіштері болып табылады. Дегенмен олар ойын әдісін ағылшын тілі сабақтарында қолданудың әлеуетін көрсетеді.

Болашақ білім берудегі шығармашылық ізденіс

Бүгінгі мұғалімнің міндеті – оқушыға дайын білімді ұсынумен шектелмей, оның ізденуіне, зерттеуіне, талдауына және өз ойын еркін жеткізуіне жағдай жасау. Осы тұрғыдан алғанда, «English Detective» жобасы – оқытуды қызықты әрі мазмұнды ұйымдастырудың бір жолы.

Бұл ойынды ағылшын тілі сабақтарында, үйірме жұмыстарында, пәндік апталықтарда және сыныптан тыс іс-шараларда пайдалануға болады. Сонымен қатар ойын материалдарын әртүрлі тақырыптарға бейімдеп, оқушылардың жас ерекшелігі мен білім деңгейіне сәйкес өзгертуге мүмкіндік бар.

Қорытындылай келе, білім беру үдерісіндегі ойын – уақытты қызықты өткізу құралы ғана емес, оқушының танымдық белсенділігін арттыратын маңызды әдіс. «English Detective» жобасы арқылы оқушылар ағылшын тілін қолдана отырып, ойлануға, сұрақ қоюға, дәлелдеуге және бірлесе әрекет етуге үйренеді.

Себебі тілді меңгерудің ең тиімді жолдарының бірі – оны өмірде қолдану. Ал қызықты ойын сол мүмкіндікті оқушыға табиғи түрде ұсына алады.

Әсел Қасымжанова,

№98 жбб мектептің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Футбол клубының экс-президентіне іздеу жарияланды

Бүгін 17:05

Алматыда түрік суретшісі Ахмет Өгретеннің «Су жолы: Босфордан Ұлы далаға дейін» халықаралық көрмесі ашылды

Бүгін 16:28

Алматыда Абдолла Қарсақбаевтың өмірі мен шығармашылығына арналған көрме ашылды

Бүгін 16:08

Жаңа Азаматтық кодекс қазіргі қоғамның қажеттіліктеріне сай болуы тиіс – Ержан Егембердиев

Бүгін 15:55

Алматыдағы Өнер академиясында діни экстремизмнің алдын алу мәселелері талқыланды

Бүгін 15:34
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);