AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Алматы ғылымға алғаш рет 348 млн теңге бөлді

Алматы ғылымға алғаш рет 348 млн теңге бөлді

Білім және ғылым Бүгін 18:01 50
Алматы ғылымға алғаш рет 348 млн теңге бөлді
Алматы әкімдігі

Алматыда ғылыми гранттар байқауы қорытындыланды, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Соның нәтижесінде жалпы сомасы 348 млн теңге болатын грант 23 жобаға берілді. Жеңімпаздар қатарында жер сілкінісін ерте анықтау, ауаның ластануын бақылау, жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыру, қала инфрақұрылымын дамыту және жасанды интеллектіні енгізуге бағытталған жобалар бар. Үздік жоба авторларына сертификаттар 11 қарашада Алматы қаласы әкімдігі жанындағы Ғылым және технологиялар жөніндегі кеңестің отырысында табысталды. Бұл туралы қалалық Жастар саясаты басқармасының өкілдері айтты.

Ғылымды дамыту және инновацияны енгізу жұмыстары аясында мұндай байқау алғаш рет ұйымдастырылды. Байқауға барлығы 229 өтінім түскен. Алдын ала іріктеуден кейін 191 жоба келесі кезеңге өтті. Қатысушылар бес апталық акселерациялық бағдарламадан өтіп, жобасын жетілдіріп, сарапшылар комиссиясының алдында қорғады. Соның нәтижесінде 23 ғылыми әзірлеме қаржыландыруға ие болды.

Жеңімпаз жобалардың қатарында сейсмикалық құбылыстарды ерте анықтау жүйесі, автокөлік пен өнеркәсіп орындарынан шығатын зиянды қалдықтарды тазарту технологиясы, ауа, су және топырақ сапасын цифрлық бақылау шешімдері бар. Сонымен қатар ғалымдар су айдындарын тазартуға арналған арнайы глайдерлерді пайдалануды және 2-ЖЭО мен 3-ЖЭО күл-қож қалдықтарын қайта өңдеп, 3D басып шығару арқылы шағын сәулет нысандарын жасауды ұсынды.

Қаланы көгалдандыруға арналған экологиялық таза, әсері ұзаққа созылатын препараттар әзірленді. Ал тағы бір жоба аллергенді өсімдіктерді бақылауға бағытталған. Оның көмегімен өсімдіктердің тозаң тарату кезеңдері анықталып, тұрғындарға аллергия қаупі туралы хабарланады.

Көлік саласында қиылыстардағы қозғалысты бейімдеп басқаруға арналған SmartFlow жүйесі қолдау тапты. Бұдан бөлек, бейнеталдау арқылы жоғалған адамдарды іздеуге арналған FaceAlert Almaty жүйесі, жеделсатылардың қауіпсіздігін цифрлық бақылау платформасы және денсаулық сақтау саласындағы жобалар да жеңімпаздар қатарынан көрінді.

Жеңімпаздарды қалалық мәслихат депутаттары, ҚР Ұлттық ғылым академиясының өкілдері, ғылыми қауымдастық пен қоғам өкілдері қатысқан конкурстық комиссия анықтады. Іріктеу кезінде зерттеулердің жаңашылдығы, тәжірибелік маңызы және қала шаруашылығында қолдану мүмкіндігі ескерілді.

Сонымен қатар Ғылым және технологиялар жөніндегі кеңес отырысында әзірлемелерді одан әрі қолданысқа енгізу мәселесі қаралды. Атап айтқанда, жобаларды пилоттық режимде сынақтан өткізуге арналған алаңдар бөлу, оларды бірлесіп қаржыландыруға бизнесті тарту және жеңімпаздар қатарына енбеген болашағы зор зерттеулерге қолдау көрсету жайы талқыланды.

Ғылыми әзірлемелерді қолдау Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ғылымды дамыту және инновацияны экономикаға енгізу жөніндегі тапсырмалары аясында жүзеге асырылып отыр.

Айта кетейік, ғылыми қауымдастық, мемлекеттік органдар мен сарапшылар өкілдерінің басын қосқан Ғылым және технологиялар жөніндегі кеңес Алматы қаласы әкімдігі жанынан 2024 жылы құрылған.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда дәстүрлі қолөнер мен заманауи креативті индустрия тоғысты

Бүгін 18:24

«ENGLISH DETECTIVE» – АҒЫЛШЫН ТІЛІН ҮЙРЕНУДІҢ ЖАҢА ӘДІСІ

Бүгін 17:18

Футбол клубының экс-президентіне іздеу жарияланды

Бүгін 17:05

Алматыда түрік суретшісі Ахмет Өгретеннің «Су жолы: Босфордан Ұлы далаға дейін» халықаралық көрмесі ашылды

Бүгін 16:28

Алматыда Абдолла Қарсақбаевтың өмірі мен шығармашылығына арналған көрме ашылды

Бүгін 16:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);