AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қорғаныс министрі «Іле» полигонының инфрақұрылымын...

Қорғаныс министрі «Іле» полигонының инфрақұрылымын тексерді

Әлеумет 16.05.2023, 16:24 1,244 Almaty-akshamy
Қорғаныс министрі «Іле» полигонының инфрақұрылымын тексерді
Сурет: Министрлік

Қарулы Күштердің қызметін жетілдіру жолдары талқыланды


Қорғаныс ведомствосының басшысы генерал-полковник Руслан Жақсылықов оқу-әдістемелік жиындары шеңберінде әскер түрлерінің бас қолбасшыларымен, өңірлік қолбасшылықтар мен әскер тектерінің қолбасшыларымен, әскери бөлімдер мен құрамалардың командирлерімен кеңес өткізді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Өрістетілген командалық пунктті тексеру барысында министр қолбасшылардың, құрамалар мен батальон командирлерінің басқару пункттерін ұйымдастыруда осындай тасадағы орындардың өзектілігін атап өтті.



– Бекіндірілген басқару пункттері – қазіргі заманғы қарулы қақтығыстардың стандарты. Жоғары қауіпсіздік бөлімшелермен жұмыстың тиімділігін арттырады, – деді ол.



Командалық құраммен өткен кездесуде министр әскерлердің жауынгерлік әзірлігін, жауынгерлік қабілеттілігі мен ұтқырлығын арттыруға бағытталған Қарулы Күштердің қызметін жетілдіру жолдарын талқылады. 


Оқу-әдістемелік жиындар шеңберінде қатысушылар жауынгерлік іс-қимылдарды жүргізу барысында әскери құралымдар штабтарының қызмет алгоритмімен және жедел-тактикалық буынның басқару органдары арасындағы байланысты ұйымдастырумен танысты.


Жиынға қатысушылар әскери қызметшілерді БҰҰ бітімгершілік миссиясын орындауға дайындау мәселелерін талқылап, HATO стандарттарына сәйкес штаб жұмысының ұйымдастырылуымен танысты.


Өткізілген сабақтар командирлерге әскери бөлімдер мен құрамаларда жауынгерлік даярлықты ұйымдастыру, әр түрлі жауынгерлік іс-қимылдарда әскерлерді басқару дағдыларын алуға мүмкіндік береді. Олар командалық құрамның алдында тұрған мәселелер мен міндеттердің өзекті спектрі бойынша бірыңғай оқу-әдістемелік базаны әзірлеуге бағытталған.


Басшылық құрамның жиындары Қорғаныс министрінің қолбасшылығымен өтетін көшпелі әскери алқа жұмысымен аяқталмақ. Онда Қарулы күштердің қысқы оқу кезеңіндегі қызметінің қорытындылары шығарылып, келесі кезеңге міндеттер қойылады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#қорғаныс #министр #полигон
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Кеше 21:14

Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 19:05

Бектенов Дүниежүзілік банк сарапшыларымен Қазақстан экономикасына инвестиция тарту мәселесін талқылады

Кеше 17:25

Қазақстанда жаңа Ұлттық сыйлық пайда болады

Кеше 16:54

Сауалнама нәтижесі: қазақстандықтардың басым бөлігі Президентке сенеді

Кеше 16:51
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);