Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
Референдум 00 күн 00 : 00 : 00
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Референдум 00 күн 00 сағ 00 мин 00 сек
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қорғаныс министрі әскери білім беру саласында бірқ...

Қорғаныс министрі әскери білім беру саласында бірқатар тапсырмалар берді

Әлеумет 04.09.2024, 09:50 2,565
Қорғаныс министрі әскери білім беру саласында бірқатар тапсырмалар берді
Сурет: Gov.kz

Оқу жылының басталуына байланысты генерал-полковник Руслан Жақсылықов Қорғаныс министрлігінің әскери жоғары оқу орындары басшылығының және профессорлық-оқытушылар құрамының қатысуымен кеңес өткізді, деп хабарлайды aqshamnews.kz сала министрлігіне сілтеме жасап. 

Президенттің Қазақстан халқына Жолдауында еліміздің кадрлық әлеуетін дәйекті түрде арттыру және болашақ мамандықтары бойынша мамандар даярлау міндеті қойылды. Бұл «жасанды интеллект» технологиялары мен жүйелерінің әр түрінің қарқынды дамуымен сипатталатын әскери салаға да қатысты. 

Қорғаныс ведомствосының басшысы қарулы қақтығыстардың ерекшеліктеріне тоқталды, мұнда бүгінде жаңа технологиялар, электронды күрес жүйелері, соққы беруші және көмекші құралдарды роботтандыру, сондай-ақ әскер бөлімшелерін логистикалық қолдау шешуші рөл атқарады деді.  

– Бүгінде қалыптасқан, ескі әдіске сүйеніп, елдің қорғаныс қабілетін нығайтуды іс жүзінде шешу мүмкін бола бермейтіні белгілі болып отыр. Соңғы жылдары түрлі соғыстар мен әскери қақтығыстар орын алды. Тез өзгеретін жағдай дәлелденбеген қағидалардан алшақтап, олардың негізінде қарулы текетірестің нысандары мен әдістеріне жан-жақты талдау жүргізуді, туындайтын қауіп-қатерлер мен сын-тегеуріндерге ден қоюдың жаңа тәсілдері мен әдістерін әзірлеуді талап етеді, – деді Қорғаныс министрі.

Ол мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерін шешуде классикалық әскери ғылымда қалыптасқан тәсілдерді қайта ойластыру қажеттілігі туындағанын атап өтті. 

– Осы үрдістерді ескере отырып, әскери білім беру реформасы жүргізілуі, профессорлық-оқытушылар құрамының кәсіби деңгейі мен құзыреттілігі, сондай-ақ әскери педагогтардың мәртебесі арттырылуы тиіс. Әскери кадрларды даярлау жүйесінің өзі икемді және тиімді болуы, мемлекеттің қазіргі әскери ұйымының қажеттіліктері мен міндеттеріне жауап беруі керек. Ол әскери құрылыстың перспективалық міндеттерімен, оған қоса жаңа буын соғыстарының сипатын болжаумен байланысты болуы қажет, – деді ведомство басшысы. 

Ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлау, бейінді әскерлермен өзара іс-әрекетке жоспарланған оқу бағдарламаларының мазмұндық бөлігін жаңғырту, кәсіби және академиялық ұтқырлық нысандарын енгізу, кейбір басшылық құжаттарды қайта қарау сынды басымдықтарға тоқталды генерал-полковник Руслан Жақсылықов әскери педагогтар алдында сөйлеген сөзінде.  

Қорғаныс министрі қазіргі заманғы әскери ғылымсыз және әскери білім берудің нақты құрылған жүйесінсіз, болжам жоспарсыз және ғылыми негізделген шешімдер қабылдамай, мемлекетіміздің әскери қауіпсіздігін қамтамасыз етудің қазіргі заманғы талаптарға жауап беретін жүйесін құра алмайтынымызды атап өтті. 

Бұдан өзге ол құқықтық тәртіп пен әскери тәртіпті қамтамасыз етуге, қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға, жеке құрамның өмірі мен денсаулығын сақтауға ерекше назар аударды. 

Соңында Қорғаныс министрі жоғары оқу орындарының жеке құрамына мемлекеттің әскери қауіпсіздігін нығайту мүддесінде жоғары білікті кадрларды даярлауда табыс тіледі.

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#қорғаныс #министр #тапсырма #әскери білім
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Қазақстанның қаржы секторы алдағы референдумды қолдады

Кеше 18:25

Тұңғышбай Жаманқұлов жастарды кітап оқуға, уақытты қадірлеуге шақырды

Кеше 18:16

Алматы 2-ЖЭО-ын жаңғырту атмосфераға тарайтын зиянды шығарындыларды айтарлықтай азайтуға бағытталған

Кеше 17:49

Арнайы операция: есірткі саудасына қатысы бар күдікті ұсталды

Кеше 17:14

Футболдан Қазақстан құрамасының кеңейтілген тізімі жарияланды

Кеше 17:01
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика