AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қонаев қаласында ретро-көліктер музейі бар

Қонаев қаласында ретро-көліктер музейі бар

Әлеумет 27.11.2022, 08:02 1,545
Қонаев қаласында ретро-көліктер музейі бар
Сурет: 24kz

Солардың ішінде Дінмұхаммед Ахметұлы мінген «Чайка» автокөлігінің орны бөлек


Бұл жерде өткен ғасырда шығарылған 50-ден астам автомобиль, ондаған мотоцикль мен жүздеген тұрмыстық бұйым жиналған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz «Хабар 24» телеарнасына сілтеме жасап. 


Әр зат кешегі күннен сыр шертеді. Шебер құрастырушылардың арқасында көне автокөліктер жөнделіп, әрленіп-сырланды. Солардың ішінде Дінмұхаммед Ахметұлы мінген «Чайка» автокөлігінің орны бөлек. 


Ретроавто мұражайында негізінен өткен ғасырдың 40-80 жылдары Кеңес одағы мен шет елдерде шығырылған көліктер бар. Соның ішінде мотоциклдер, велосипед пен арнайы техниканы да көресіз. Сондай ақ музейде әлемде сирек кездесетін ретрокөліктерді тамашалап, тарихымен танысуға болады. 


Қазір әйнегі жылтырап, шамдары жарқырап тұрғанкөліктер дәл осы қалпында болмаған. Олар еліміздің әр аймағынан әкелініп, қайта жасалды. Ескі машиналарға жаңа бөлшектер салынып, салоны былғары мен брезентпен қапталды. Мәселен «Газ-20» маркалы көлігі Горкий атындағы зауыттан 1946-1958 жылдар аралығында шығарылды. Қазір бұл нағыз рарирет. Ал, Димаш Ахметұлының «Чайка Газ-14» темір тұлпарының ұзындығы 6 жарым метрден асады. 


Бұл автокөлікті Димаш Ахметұлы 1983-84 жылдары Алматыда мінді. Кейін «Чайка» жеке қолға өтіп, көп жыл қараусыз қалды. 8 жыл бұрын Мұратбек Амантайұлы көлікті сатып алып қалпына келтірді. Жаңадан сырлап, қосалқы бөлшектерін салып, жаңалады. 
«Чайка»  жолға жиі шыға бермейді. Оны тек мереке күндері ғана жүргізеді. Жалпы салондағы барлық көлік жүріске жарамды. Өткен сайлау күні қала көшелерімен оншақты ретрокөлік жүріп өтті. Әрқайсының бағасы қымбат. Бірақ, сатылмайды. Ал «Чайка» 8 жылда қалпына келтіріліпті. 



«Алғашқы сапарымызды Дінмұхаммед Ахметұлының туған жері Бақанас ауылына жасадық. Барыс-келіс қашықтығы300 шақырым болды. Көлікті қалпына келтіруге ұзақ уақыт кетті»,- деді ретро-салон директоры Мұратбек Сіргебаев.  



Салон директоры Мұратбек Амантайұлы бұл іске жан-тәнімен берілген адам. Әр көліктің шығу тарихы, жөндеу жұмыстары туралы жалықпай  әңгіме айтуға бар. Алдағы уақытта салонды кеңейтіп, ретро көліктермен толықтырмақ. Бұған қоса муражайда Кеңес одағы кезінде халық қолданған тұрмыстық заттар, музыкалық аспаптар мен сан-алуан бұйымдар қойылған.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қонаев қаласы #Ретро көлік
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан Республикасындағы Ресей Федерациясының мәдениет күндері аясында Астанада Ресей өнерпаздарының гала-концерті өтті

Бүгін 22:37

Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды

Бүгін 22:34

Қазақстандық ғалым алғашқы болып Майкл Фуллан сыйлығын алды

Бүгін 19:18

Футболдан Бірінші лигада «Шахтер» ірі жеңіске жетті

Бүгін 19:12

Атыраулық спортшы паражүзуден Қазақстан чемпионатында үш алтын жеңіп алды

Бүгін 19:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика