Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Референдум
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Референдум
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қол жүгін ұшақ салонына орналастыру

Қол жүгін ұшақ салонына орналастыру

Әлеумет 27.11.2025, 17:10 305
Қол жүгін ұшақ салонына орналастыру
depositphotos.com

Халықаралық әуе көлігі қауымдастығының (IATA) бағалауынша, әлем бойынша жолаушылардың 52%-ы тек қол жүгін алып саяхаттауды жөн көрсе, 48%-ы тіркелген жолжүк рәсімдейді, деп хабарлайды aqshamnews.kz FlyArystan әуе компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жассап.

Атап өтілген маңызды жайттардың бірі: қол жүгін жүк сөрелерінде орналастыру жолаушының жауапкершілігі саналады.

Бортсеріктер бос орындар жайлы хабарлап, салон ішінде бағыт беруге көмектесе алады, алайда қол жүгін көтеріп қою немесе оны орын ауыстырып орналастыру қызметін орындамайды.

Жолаушылардың жайлылығын қамтамасыз ету үшін әуе компаниясы бірнеше кеңес те ұсынды.

Жүк сөрелері – салондағы ортақ кеңістік

Жүк сөрелеріндегі орын нақты бір жолаушыға немесе орынға бекітілмейді. Бұл – Еуропа мен Азиядағы ірі лоукостерлер ұстанатын халықаралық авиациялық стандарт.

Қол жүгін орналастыру қағидасы: "кез келген бос сөрені кез келген жолаушы пайдалана алады".

Егер орныңыздың үстіңіздегі сөре басқа жолаушылардың қол жүгінен немесе маусымдық киімдерінен толып қалса, сіз көрші басқа кез келген бос сөрелерді, сондай-ақ салонның орталық бөлігіндегі бос сөрелерді пайдалана аласыз. Бұл – кеңістікті біркелкі бөлуге және барлық жолаушылардың жайлылығын сақтауға арналған қалыпты, жоспарлы тәжірибе.

Алдыңғы орындық астындағы кеңістікті пайдалану

Алдыңғы орындықтың астындағы кеңістік – жеке заттарыңызды, шағын сөмке немесе арқа- сөмкені орналастыруға арналған аймақ. Әсіресе, арқа-сөмкелерді мұнда қою өте ыңғайлы: олар жақсы сияды, пішінін сақтайды және жүк сөресінен орнын алмайды. Бұл аймақты пайдалану кеңістікті тиімді бөлуге және отырғызу процесін жылдамырақ әрі тәртіппен өткізуге көмектеседі.

Маңызды ерекшелік: апаттық шығу қатарларында (FlyArystan-де 12–13 қатар) отырған жолаушылар заттарын орындық астына қоя алмайды, себебі шығуға өту жолы қауіпсіздік талаптарына сай толықтай бос болуы тиіс.

Зат көлемі артқанда қолжетімді қосымша қызметтер

Саяхат форматына байланысты зат көлемі де өзгеретіні түсінікті. Сондықтан FlyArystan жолаушыларға алдын ала қолайлы нұсқаларды таңдауды ұсынады:

"10 кг қол жүгі" қызметі – салмақ нормасын арттыруға мүмкіндік береді.Бұл жеке заттарын жүк бөліміне тапсырмай саяхаттағысы келетіндер үшін қолайлы. Бұл ретте, өлшемдер өзгермейді (56 × 23 × 36 см), сол арқылы сөрелердің сыйымдылығын сақтауға мүмкіндік береді.
Егер зат көлемі қол жүгінің базалық нормасынан көп немесе ірі болса, тіркелген жолжүк рәсімдеу ұсынылады.
Екі қызметті де билетті сатып алу кезінде немесе сайттағы/қосымшадағы жеке кабинет арқылы алдын ала рәсімдеген ыңғайлы.

Саяхаттаушылар үшін практикалық кеңестер

Ұшақта қажет болатын заттарды алдын ала шығарып қойған дұрыс. Бұл кейіннен оларды іздеп, өту жолын немесе сөрені бөгеп қалмауға көмектеседі.
Егер қол жүгіңіз жұмсақ болса, мүмкіндігінше оны тік қойыңыз — бұл сөренің ені бойынша көбірек орын үнемдеуге мүмкіндік береді.
Үстіңгі киімді алдыңғы орындықтардағы ілгіштерге орналастырған жөн (апаттық шығу қатарларынан басқа).
Қатты корпусты шабадандар көбірек орын алады, сондықтан мүмкін болса, жұмсақ сөмке немесе арқа-сөмкесін таңдаңыз.
Ауыр заттарды сөмкенің төменгі бөлігіне қоюға тырысыңыз. Бұл қол жүгінің ықшам пішінін сақтап, оны сөреге орналастыруды жеңілдетеді.
Егер отбасымен немесе топпен саяхаттасаңыз, қолжетімді кеңістікті барынша тиімді пайдалану үшін заттарды сөрелерге ұтымды бөліп орналастырыңыз.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#саяхат #ұшақ
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

ӘСКЕРИ ПСИХОЛОГТЫҢ МИССИЯСЫ

Бүгін 18:37

Алматы әуежайына қақтығыс аймағынан 314 қазақстандық жеткізілді

Бүгін 18:30

Тоқаев тіршілікті қамтамасыз ететін нысандардың қауіпсіздік шараларын күшейтуді тапсырды

Бүгін 17:42

Алматы жастары мен шетелдік діни білім: қауіп-қатер және алдын алу шаралары

Бүгін 17:15

Елімізде жаңа жедел нөмір іске қосылды

Бүгін 17:11
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі