AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / ҚазҰУ зерттеуі: күйзеліс пен тәуелділікке кім жиі...

ҚазҰУ зерттеуі: күйзеліс пен тәуелділікке кім жиі ұшырайды

Әлеумет 07.04.2026, 11:45 225 yakiya
ҚазҰУ зерттеуі: күйзеліс пен тәуелділікке кім жиі ұшырайды
Өңірлік коммуникациялар қызметі

Спикер психикалық денсаулыққа деген қызығушылықтың артып келе жатқанын, мамандар қызметіне сұраныс өсіп, бұл салаға жүйелі өзгеріс қажет болып тұрғанын атап өтті, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Өңірлік коммуникациялар қызметінде Қазақстан ғылымы күніне орай әлеуметтік-гуманитарлық зерттеудің жетістігі мен болашағына арналған баспасөз конференциясы болып өтті. Ондағы негізгі тақырыптың бірі елдегі психологиялық ғылым мен тәжірибе болды: педагогика ғылымдарының докторы, профессор Айгерим Мынбаева оның сын-қатерлері мен ықтимал шешімдері туралы баяндады.

«Бүгінде Қазақстанда да, бүкіл әлемде де психикалық денсаулықты сақтау мәселесі өте өзекті болып отыр. Өмірдің тез өзгеруі, болашаққа деген сенімсіздік күйзеліс пен мазасыздықты күшейтеді. Біз күйзеліске тап болған адамдардың көбейіп, агрессия мен қақтығыстың жиілегенін көріп отырмыз. Адамдар бір-бірін тыңдаудан қалып барады», — деді Айгерим Мынбаева.

Оның айтуынша, әлемде 2030 жылға дейінгі Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының психологиялық мәселелердің алдын алып, көмек қолжетімділігін арттыруға бағытталған кешенді жоспары жүзеге асып жатыр. Балаларға да ерекше көңіл бөлінеді: 2022 жылы ЮНЕСКО білім беру жүйесі арқылы психикалық денсаулықты қорғау стратегиясын ұсынды.

«Қазіргі таңда психолог қызметіне сұраныс күрт артты, бұл олардың қызметін нақты реттеуді талап етеді. Қазақстанда психологиялық көмек туралы заң жобасы талқыланып жатыр, ол мамандардың жауапкершілігі мен қызмет сапасын арттыруы тиіс. Біраз елде мұндай заңды өткен ғасырдың ортасынан бері қолданады. Бұл мәселе әл-Фараби атындағы ҚазҰУ базасында да талқылана бастады», — деп атап өтті спикер.

ҚазҰУ ғалымдары жастардың жағдайын тереңірек түсінуге көмектесетін зерттеулер жүргізіп жатыр. Мысалы, 2000-нан астам студент қатысқан халықаралық зерттеу барысында қыздардың, зиянды заттарды қолданатындардың жиі күйзеліске тап болып, өзін жалғыз қалғандай сезінетіні анықталған. Тұрмысы бұл көрсеткішке айтарлықтай әсер етпейді.

Қазақстан мен Ресей студенттерінің арасындағы ойынға тәуелділікке салыстырмалы түрде талдау жүргізілген. Нәтижесінде, ресейлік студенттерде тәуелділік деңгейі қазақстандықтарға қарағанда жоғары болып шығып, әйелдерге қарағанда ерлерде ол жоғары екені белгілі болды. Бұл ретте діндарлықтың өзі тәуелділікке айтарлықтай әсер етпейді, дегенмен дінге бекемдеу студенттер орта есеппен ойынға аз уақыт бөледі екен.

«Қазақстанда психологияның дамуы бірнеше бағытта қатар жүруі тиіс. Бұл — отандық ғылым тарихын және мамандардың үлесін зерттеу, өңірлерде практикалық психологияны дамыту мен стресс пен депрессияның алдын алудың жаңа әдістерін әзірлеу. Адамдарға қолжетімді көмек көрсету жолын жасап, соның ішінде терапия мен қолдаудың жаңа тәсілдерін енгізу керек. Сондай-ақ психологияны басқа ғылымдармен ұштастыра отырып зерттеулерді дамыту мен олардың нәтижесін цифрлық платформаларға енгізу қажет», — деп толықтырды Айгерим Мынбаева.

Сарапшылардың пікірінше, Қазақстанда психологиялық ғылымның одан әрі дамуы мамандарды даярлаудан бастап халыққа тиімді қолдау құралдарын енгізуге дейін практикалық шешімдерге де байланысты.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#психикалық денсаулық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай Президент атынан 60 пәтердің кілті мен 13 мемлекеттік награда табысталды

Бүгін 20:26

Дуалдық оқыту жүйесінің тиімділігі: Демо емтихан – студент білімінің айнасы

Бүгін 18:28

Алматыда 2026 жылдың басынан бері үшінші үшем дүниеге келді

Бүгін 17:31

Алматының орталығындағы заңсыз нысан сот шешімімен сүріліп жатыр

Бүгін 17:21

8 мыңға жуық оқушы бадминтонмен тұрақты айналысуға мүмкіндік алады

Бүгін 17:19
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);