Қазақстан бадминтон федерациясы еліміздегі мектеп спорты мен олимпиадалық қозғалысты дамыту бағытында маңызды қадам жасап, «Білім-Инновация» лицейлері (BIL) желісімен және Қазақстанның жетекші жекеменшік мектептерімен ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойды, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.
Аталған келісім аясында бадминтон енді мектептердің дене шынықтыру бағдарламасына енгізіледі. Жоба арқылы еліміздің түкпір-түкпіріндегі мыңдаған оқушы олимпиадалық спорт түрімен тұрақты түрде айналысу мүмкіндігіне ие болады. Бүгінде жобаның бастапқы қамту көрсеткіші 8 мыңға жуық оқушы құрайды.
Жобаның басты мақсаты — балалар мен жасөспірімдер арасында бұқаралық спортты дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау, спорт мәдениетін қалыптастыру және болашақ чемпиондарды тәрбиелеуге жағдай жасау.

Игі бастаманы жүзеге асыру мақсатында Қазақстан бадминтон федерациясы мектептерге арнайы спорттық жабдықтар — ракеткалар, воландар мен торлар табыстады. Сонымен қатар Федерация тарапынан дене шынықтыру пәні мұғалімдерін оқыту және әдістемелік қолдау көрсету жұмыстары жүргізіледі.
Федерация өкілдерінің айтуынша, мектептерде бадминтонды дамыту — ел спортының болашағына жасалған маңызды инвестиция.
Бадминтон — жылдамдықты, реакцияны, төзімділікті, үйлесімділікті және стратегиялық ойлауды дамытатын олимпиадалық спорт түрі. Қолжетімді әрі әмбебап спорт ретінде ол мектеп оқушылары үшін өте тиімді және балаларды тұрақты түрде спортпен шұғылдануға ынталандырады.

Жобаға келесі білім беру ұйымдары кірді:
• Ақтөбе қаласындағы “Білім-инновация” қыздар лицейі
• Атырау қаласындағы “Білім-инновация” қыздар лицейі
• Түркістан қаласындағы “Білім-инновация” қыздар лицейі
• Қызылорда қаласындағы “Білім-инновация” қыздар лицейі
• Тараз қаласындағы “Білім-инновация” қыздар лицейі
• Шымкент қаласындағы “Білім-инновация” қыздар лицейі
• Астана қаласындағы “Білім-инновация” қыздар лицейі
• Қарағанды қаласындағы “Білім-инновация” қыздар лицейі
• Көкшетау қаласындағы “Білім-инновация” қыздар лицейі
• Павлодар қаласындағы “Білім-инновация” қыздар лицейі
• Петропавл қаласындағы “Білім-инновация” лицейі
• Щучинск қаласындағы IT “Білім-инновация” лицейі
• Алматы қаласындағы Смағұлов атындағы “Білім-инновация” қыздар лицейі
• Алматы қаласындағы “Білім-инновация” қыздар лицейі
• NURORDA — Астана
• NURORDA — Алматы
• NURORDA — Өскемен
• AIS
• GALAXY IS
• SPECTRUM IS
• Сейтжан School
• Кемел — Ақтөбе
Қазақстан бадминтон федерациясы алдағы уақытта да еліміздің барлық өңірлерінде мектеп бадминтонын дамыту жұмыстарын жүйелі түрде жалғастырады.
Мектептегі бадминтон — бұл ұлт денсаулығына, жастардың болашағына және Қазақстан спортының дамуына жасалған маңызды қадам.