AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Дуалдық оқыту жүйесінің тиімділігі: Демо емтихан –...

Дуалдық оқыту жүйесінің тиімділігі: Демо емтихан – студент білімінің айнасы

Білім және ғылым Бүгін 18:28 74 Дина
Дуалдық оқыту жүйесінің тиімділігі: Демо емтихан – студент білімінің айнасы
автордан

Принтмедиа технологиялар колледжінде білім беру саласында заман талабына сай өзгерістер енгізіліп, студенттердің теориялық білімін тәжірибемен ұштастыруға ерекше көңіл бөлінуде, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Соның бірі – дуалдық оқыту жүйесі. Бұл жүйе білім алушының оқу орнында алған теориялық білімін өндірістік тәжірибеде шыңдап, болашақ маман ретінде қалыптасуына зор мүмкіндік береді.

2025 жылғы 19–20 мамыр аралығында базалық кәсіпорындарда жұмыс берушілердің мақсатты тапсырысы бойынша дуальды оқыту нысанында білім алған түлектер үшін демонстрациялық емтихан өткізілді.

Студенттер кәсіби білімдерін, практикалық дағдыларын және нақты өндірістік жағдайда жұмыс істеуге дайын екендіктерін көрсетті. Емтихан серіктес кәсіпорындардың базасында жұмыс берушілер мен салалық сарапшылардың қатысуымен өтті. Практикалық тапсырмаларды орындау барысында түлектер заманауи жабдықтармен жұмыс істеу, технологиялық үдерістерді сақтау, еңбекті қорғау талаптары мен өндірістік тәртіпті ұстану дағдыларын танытты.

Жұмыс берушілер түлектердің дайындық деңгейіне оң баға беріп, олардың қалыптасқан кәсіби құзыреттерін, жауапкершілігін және өз бетінше жұмыс істеуге дайындығын атап өтті. Кәсіпорын өкілдері колледжге кадрларды сапалы даярлағаны және дуальды оқыту аясындағы тиімді ынтымақтастық үшін алғыс білдірді.

Демонстрациялық емтиханды өткізу кадрлар даярлығы сапасын тәуелсіз бағалаудың маңызды кезеңіне айналып, өндірістің нақты қажеттіліктеріне бағытталған тәжірибеге негізделген оқытудың тиімділігін дәлелдеді.

Демо емтихан барысында білім алушылар өздерінің өндірістік тәжірибе кезінде меңгерген шеберліктерін көрсетті. Олар нақты жұмыс жағдайына бейімделіп, тапсырмаларды уақытылы әрі сапалы орындауға тырысты. Мұндай форматтағы емтихан студенттердің жауапкершілігін арттырып қана қоймай, өз күшіне деген сенімділігін де нығайтты.

Дуалдық оқыту жүйесінің студенттер үшін бірнеше тиімді жақтары бар. Біріншіден, студент оқу барысында болашақ жұмыс орнымен ерте танысады. Екіншіден, теориялық білім тәжірибе арқылы бекітіледі. Үшіншіден, жұмыс берушілер студенттердің қабілетін алдын ала байқап, болашақта жұмысқа қабылдауға мүмкіндік алады. Сонымен қатар, студенттер еңбек тәртібін, ұжыммен жұмыс істеуді және кәсіби мәдениетті меңгереді.

Демо емтихан – студенттің тек білімін емес, оның кәсіби дайындық деңгейін көрсететін маңызды кезең. Осындай іс-шаралар арқылы білім алушылар еңбек нарығына дайын, бәсекеге қабілетті маман ретінде қалыптасады.

Сондықтан мұндай тәжірибелер студенттердің кәсіби дамуына үлкен серпін береді.

Қорытындылай келе, дуалдық оқыту жүйесі – сапалы білім мен нәтижелі тәжірибенің тиімді үйлесімі. Ал демо емтихан – сол білімнің нақты көрсеткіші. Әлеуметтік серіктес кәсіпорындарға ынтымақтастықтары, қолдаулары және білікті мамандар даярлауға қосқан үлестері үшін алғысымызды білдіреміз!

Жуырда колледжімізде дуалдық оқыту жүйесі аясында студенттер арасында демо емтихан өткізілді. Аталған емтихан студенттердің кәсіби құзыреттілігін анықтап, өз мамандығы бойынша тәжірибелік дағдыларын бағалауға бағытталды.

Принтмедиа технологиялар колледжі,

өндірістік оқыту шебері

Кулбекова Айнур Сакеновна

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай Президент атынан 60 пәтердің кілті мен 13 мемлекеттік награда табысталды

Бүгін 20:26

Алматыда 2026 жылдың басынан бері үшінші үшем дүниеге келді

Бүгін 17:31

Алматының орталығындағы заңсыз нысан сот шешімімен сүріліп жатыр

Бүгін 17:21

8 мыңға жуық оқушы бадминтонмен тұрақты айналысуға мүмкіндік алады

Бүгін 17:19

Алматыда Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай жалпықалалық сенбілік өтеді

Бүгін 17:09
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);