Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Референдум
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қазақтың тілін әрі шығу тегін жатқа білетін америк...

Қазақтың тілін әрі шығу тегін жатқа білетін америкалық

Әлеумет 19.10.2023, 08:36 1,119
Қазақтың тілін әрі шығу тегін жатқа білетін америкалық
Сурет: Atpress.kz




Америка азаматы Хамиш Паулс Кіші жүздің 4 тайпасын, 31 руын түгел жатқа біледі. 


Хамиш Паулс 2017 жылдан бері Атырауда тұрады. Осы уақыт ішінде ол қазақ халқының салт-дәстүрі мен мәдениетіне қанығып үлгерген, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Хамиш «Теңізшевройл» ЖШС Үкімет және қоғаммен байланыс департаменті бас менеджерінің орынбасары болып жұмыс істейді. Жыл сайын әріптестерімен бірге дәстүрлі Наурыз мерекесін тойлайды. Ол бұл мерекені жақындардың басын қосатын тамаша мереке деп біледі.









Оған бұл күні көпшіліктің ұлттық киіммен жүретіні ерекше ұнайды. Оюмен көмкерілген ұлттық нақыштағы киімдер көздің жауын алатынын айтады.



«Маған бауырсақ, көже ұнайды. Менде тіпті қазақтың ұлттық киімі бар, маған оны сыйға тартқан. Ол киімді ерекше іс-шараларға киемін. Оның оюлары мен түстері көңіл-күйді көтереді. Қазақстан мен бұрын барған елдерден ерекше. Мұндағы адамдар өте мейірімді, қонақжай. Ал бұл елдің табиғаты, тіпті тамаша», дейді Хамиш.



Ол бос уақытында қазақ халқының рулары жайында оқиды. 



«Мені бір халықтың ру тармақтарға қалай бөлінетіні қызықтырады. Мен Қазақстандағы 200-ден астам румен танысып шықтым. Әзірге Кіші жүздің руын ғана білемін», дейді ол.



Халқымыздың салт-дәстүрінен бөлек, ол қазақтың ұлттық ойындары мен музыкалық аспаптарына да қызығады. Мысалы, ол жақында асық ату мен ләңгі тебуді үйренді. Хамиш асық ату ұқыптылыққа, алғырлыққа, тапқырлыққа дұрыс есептеуге үйретсе, ләңгі дәлдік пен ептілікті дамытады дейді.



«Маған бұл ойындарды кенже ұлым үйретті. Ол да Атырау қаласында тұрады. Бұл ойын түрлерін ол мектептен үйреніп келді. Ал 15 жастағы балам домбыра тартуды үйренді. Ол музыка мектебінде оқиды, қазір 6 күйді шерте алады. Сүйікті күйлеріміз - «Адай», «Балбырауын». Менің түсінуімше, бұл Атыраудағы ең танымал туындылар», деп түйіндеді ол.





Телеграм арнаға жазылыңыз
#қазақ тілі #америкалық #рулар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық конькиші екі дүркін әлем чемпионы атанды

Бүгін 10:51

Гүл жеткіземін деген “курьер” ақтөбеліктің 7,5 млн теңгесін қағып кеткен

Бүгін 10:44

“Үйіме жеттім-ау”. Михаил Шайдоровты алматылықтар ерекше құрметпен қарсы алды

Бүгін 09:24

Еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Бүгін 08:58

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды азаматтарды жеке мәселесі бойынша қабылдады

Кеше 17:46
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі