Жаңа конституция азаматтардың құқығы мен бостандығын қорғауды жаңа деңгейге көтерді.
Барлық сатыдағы соттар ата заңда бекітілген адамның құқығы мен бостандығына нұқсан келтіретін заң мен өзге де нормативтік құқықтық актіні қолдануға құқылы емес.
Сот билігі Қазақстан Республикасының атынан жүзеге асырылады. Бұл норма сот төрелігінің тәуелсіздігін бекітіп, азаматтардың мүддесін қорғауды күшейтеді.