AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстанның тағы бір өңірі мектептерде «Күнделік»...

Қазақстанның тағы бір өңірі мектептерде «Күнделік» жүйесінен бас тартты

Әлеумет 19.08.2024, 11:10 2,097
Қазақстанның тағы бір өңірі мектептерде «Күнделік» жүйесінен бас тартты
Сурет видео скрині

2024 жылдың 1 қыркүйегінен бастап Қостанай облысындағы барлық жалпы білім беру ұйымдарында BilimClass электронды журналы мен күнделігі модулі енгізіледі. Осылайша, өңір мектептерінде бұрын қолданыста болған «Күнделік» жүйесінен бас тартады, деп хабарлайды aqshamnews.kz

«Қостанай облысының білім басқармасы мен «Bilim Land» ЖШС арасында биылғы шілде айында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. BilimClass жүйесіне көшу барысында барлық білім беру ұйымдарына мұғалімдер, оқушылар және олардың ата-аналары үшін тегін цифрлық ресурстар ұсынылады. Мектептер, сыныптар және пәндер бойынша білім сапасын аудандық және облыстық деңгейде мониторинг жүргізу мүмкіндігі қарастырылған. «Күнделік» жүйесінен деректерді жүктеп алғаннан кейін құжаттарды тегін сақтау және BilimClass жүйесіне автоматты түрде деректерді жүктеу мүмкіндігі беріледі», – деп хабарлады облыстың білім басқармасы.

Сонымен қатар, оқушыларға халықаралық зерттеулерге (PISA, TIMSS, PIRLS) дайындық кезінде функционалдық сауаттылықты қалыптастыру және бағалау үшін Bilimcenter.kz модуліне тегін қолжетімділік беріледі. Мониторинг және біліктілікті арттыру курстарынан өткен кезде сертификаттау мүмкіндігі де қарастырылған. Басқарма платформаның жарнамасыз жұмыс істейтінін нақтылады.

Өткен жылдан бастап Актөбе облысының мектептері де BilimClass электронды күнделігіне көшкен болатын.

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#BilimClass #Күнделік #мектеп #оқушы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Мемлекет басшысы АҚШ Президентінің Оңтүстік және Орталық Азия бойынша арнайы өкілі Серджио Горды қабылдады

Бүгін 21:45

Мемлекет басшысы Абу Дабидің Тақ мұрагері Халед бен Мұхаммед әл-Наһаянмен кездесті

Бүгін 20:33

Алматыдағы ЖЭО-2 газға көшіріледі

Бүгін 19:11

Ақмарал Әлназарова қайтыс болғаннан кейін донор болуға келісім берді

Бүгін 18:32

Тоқаев Нью-Дели қаласына келді

Бүгін 17:55
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);