Қазақстанның солтүстігі мен шығысында қатты аяз болады

Қазақстанның солтүстігі мен шығысында қатты аяз болады Сурет: dzen.ru

Астанада және Қазақстанның бірнеше облыстарында 13-15 қаңтар аралығында ауа температурасы қатты төмендеп, кей жерлерде -38°С жетеді, деп хабарлайды aqshamnews.kz Қазгидромет РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Қостанай облысы: 13 қаңтарда облыстың солтүстігінде түнгі температура -23…-28°С дейін төмендейді; 14 қаңтарда түнгі температура әрі қарай -25…-30°С дейін төмендейді.

Солтүстік Қазақстан облысы: 13 қаңтарда түнде және күндіз температура -20…-25°С деңгейінде болады; 14-15 қаңтарда түнде әрі қарай -30…-35°С, облыстың солтүстігі мен шығысында -38°С жетеді.

Ақмола облысы: 13 қаңтарда облыстың солтүстігі мен шығысында түнде -18…-23°С болады; 14-15 қаңтарда түнде әрі қарай -23…-28°С, солтүстік пен шығыста -35°С.

Астана: 14-15 қаңтарда түнгі температура -26…-28°С дейін төмендейді.

Павлодар облысы: 13 қаңтарда облыстың солтүстігінде түнгі температура -18…-23°С; 14-15 қаңтарда түнде әрі қарай -30…-35°С, солтүстігінде -38°С.

Қарағанды облысы: 14 қаңтарда түнде -15…-20°С, облыстың солтүстігінде -25…-30°С.

Абай облысы: 14 қаңтарда түнде -20…-25°С, батысында -28°С; 15 қаңтарда түнде -30…-35°С.

Шығыс Қазақстан облысы: 14 қаңтарда түнде және күндіз -18…-23°С, шығыста -27°С; 15 қаңтарда түнде -30…-35°С, шығыста -38°С.

Батыс Қазақстан облысы: 15 қаңтарда түнде және күндіз -10…-15°С.

Ақтөбе облысы: 15 қаңтарда түнде -17…-22°С.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

18:50

18:47

18:29

18:08

17:45

17:31

17:22

17:13

17:00

16:49

16:42

16:30

16:30

16:26

16:15

16:01

15:55

15:41

15:34

15:20

15:04

15:02

14:55

14:55

14:43