AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстанның энергия теңгеріміндегі ЖЭК үлесі алты...

Қазақстанның энергия теңгеріміндегі ЖЭК үлесі алты жылда 4 есеге өсті

Әлеумет 22.08.2026, 10:21 310
Қазақстанның энергия теңгеріміндегі ЖЭК үлесі алты жылда 4 есеге өсті

Қазақстанда жаңартылатын энергетика секторын жүйелі дамыту жұмыстары жалғасуда, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Соңғы алты жылда елдің энергия теңгеріміндегі жаңартылатын энергия көздері (ЖЭК) объектілері өндіретін электр энергиясының үлесі төрт есеге – 2%-дан 8%-ға дейін өсті.

Көрсеткіштің өсуі мемлекеттік саясаттың жүйелі шараларын іске асыру, ЖЭК жобаларын іріктеу бойынша аукциондар өткізу, инвестициялар тарту және жаңа генерациялау қуаттарын іске қосу нәтижесінде қамтамасыз етілді.

Бүгінде елімізде жалпы белгіленген қуаты 3,8 ГВт-тан асатын 172 ЖЭК нысаны жұмыс істейді. Оның ішінде 71 жел электр станциясы және 54 күн электр станциясы бар. Сонымен қатар 44 гидроэлектр станциясы және үш биогаз станциясы жұмыс істеп тұр.

2025 жылдың қорытындысы бойынша ЖЭК нысандары 8,6 млрд кВт·сағ электр энергиясын өндірді. Бір жыл ішінде жалпы қуаты 500 МВт-тан асатын тоғыз жаңа нысан пайдалануға берілді.

Саланы дамыту жұмыстары 2026 жылы да жалғасуда. Биыл жалпы қуаты 245 МВт болатын тағы 10 ЖЭК нысанын іске қосу жоспарланған. Оның ішінде төрт жел электр станциясы, бес күн электр станциясы және бір гидроэлектр станциясы бар. Жыл қорытындысы бойынша жаңартылатын энергия көздерінен өндірілетін электр энергиясының көлемі 8,8 млрд кВт·сағ-қа жетеді деп күтілуде.

Жақын перспективада жалпы қуаты 3,6 ГВт болатын шамамен 100 жобаны іске асыру жоспарлануда. Бұдан бөлек, жалпы қуаты тағы 4 ГВт болатын ірі ЖЭК жобалары пысықталуда.

Салаға TotalEnergies, China Power, Masdar және China Energy сияқты ірі халықаралық инвесторлар тартылды. Олардың қатысуы заманауи технологиялар мен инвестицияларды тартуға, сондай-ақ жаңа генерациялау қуаттарын ұлғайтуға мүмкіндік береді.

Алдағы уақытта бұл шаралар елдің энергия теңгеріміндегі таза энергетиканың үлесін арттыруға, энергетикалық жүйенің тұрақтылығын қамтамасыз етуге және энергетикалық қауіпсіздікті нығайтуға мүмкіндік береді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#энергетика
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Психиатрға қай кезде жүгінген жөн: Алматының штаттан тыс бас психиатры алаңдатарлық белгілерді айтып берді

Бүгін 13:01

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Оман Сұлтаны Хайсам бен Тариқ Әл Саид шағын құрамда келіссөз жүргізді

Бүгін 13:01

Үкіметте Digital Qazaqstan стратегиясын жүзеге асыру жөніндегі Президент тапсырмаларының орындалу барысы қаралды

Бүгін 13:00

Алматыда 5 мыңнан астам адам психиатриялық кеңесті онлайн алды

Бүгін 12:52

Алматы академиясының курсанттары ант қабылдады

Бүгін 12:46
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);