AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстанның  350 жерінде мобильді интернет істеме...

Қазақстанның  350 жерінде мобильді интернет істемейді

Әлеумет 19.11.2024, 08:02 765 yakiya
Қазақстанның  350 жерінде мобильді интернет істемейді
almaty-akshamy.kz

Бұл Телекоммуникация комитеті төрағасының орынбасары айтқан сөз.

Бірақ бұл көрсеткіш өзгеріп отырады екен, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Телекоммуникация комитеті төрағасының орынбасары Лазизбек Құрбантаев Қазақстанда мобильді интернет дұрыс жұмыс істемейтін қанша орын барын айтты.

«Біз тексеріс жүргізіп, жалпы Қазақстанда 350 орынды анықтадық. Бірақ бұл сан өзгеріп отырады. Мысалы, қазір Астанада мобильді интернет дұрыс жұмыс істемейтін 23 орын, Алматыда 30 орын, Шымкентте 39 орын бар. Мәселені шешу үшін жоспар мен графигіміз де бар», - деді Лазизбек Құрбантаев.

Оның айтуынша, радиофобияға шалдыққан кейбір қазақстандықтар шағымданып, базалық станцияны алғызып тастайды. Салдарынан мобильді интернеттің сапасы күрт нашарлайды.

Мобильді интернет сапалы жұмыс істеуі үшін базалық станция орнату керек. Алайда радиофобтар бар. Мұндай адамдар базалық станцияны алып тастайды. Сондықтан ол жерде мобильді интернет дұрыс жұмыс істемейтін нүкте («белая пятна») пайда болады, - деді комитет төрағасының орынбасары.

Сондай-ақ Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі бірінші вице-министрі Қаныш Төлеушин бұл мәселені шешу жоспарын бөлісті.

«Қазақстанның түкпір-түкпірінде мобильді интернет дұрыс жұмыс істемейтін («слепая зона») орындарды анықтап, бір платформаға енгіземіз. Осылайша, тиісті ақпаратты мобильді операторға жібереміз», - деді министр орынбасары.

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#интернет #база #Станция
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық палуан Азия Чемпионы атанды

Бүгін 21:53

Баку құрылтайының 100 жылдығы: ҚазҰУ-да түркологияның жаңа бағыттары талқыланды

Бүгін 20:11

«Жас бүркіт» қатары толықты: Алматыда әскери-патриоттық сынып ашылды

Бүгін 19:25

Мақпал Жүнісова мен Татьяна Бурмистрова марапатталды

Бүгін 19:01

Еркебұлан Еңсегенов таеквондодан Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды

Бүгін 18:57
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);