AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстандық оқушылар SAF-2022 робот-техника фести...

Қазақстандық оқушылар SAF-2022 робот-техника фестивалінде жүлдегер атанды

Әлеумет 29.12.2022, 11:58 2,515
Қазақстандық оқушылар SAF-2022 робот-техника фестивалінде жүлдегер атанды
Сурет: Gov.kz

Жеті кубокты жеңіп алды.


Бакуде өткен SAF-2022 робот-техника фестивалінде қазақстандық оқушылар жеңіс тұғырынан көрінді. Бұл сүйінші хабарды Бағдат Мусин өзінің Telegram арнасында жазды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Ауқымды фестивальге 350 команда, 1300 қатысушы, 8 мемлекет (Әзірбайжан, Түрікменстан, Эстония, Швеция, Ұлыбритания, Өзбекстан, Түркия) қатысты. Қазақстандықтар түрлі марапаттар мен жүлделі орындарға ие болды.


Халықаралық бақылаушылар командалардың өнер көрсету деңгейін жоғары бағалады. Отандастарымыз Vex Robotics Competition саласы бойынша өткен бәсекеде басымдық танытып, негізгі 7 кубокты жеңіп алды.


Жасөспірімдер санатында 1729X NEW EMPIRE командасы бірлескен жарыста 2-ші орынды, ал, жеке дара сайыста 3-ші орынды иеленді. Ал, 1729K LSF қазақстандық жасөспірімдер тобы командалық жұмыста 3-ші орынға, сондай-ақ жеке дара жарыста 2-ші орынға тұрақтады.


Жарыстың шешуші кезеңдеріне 3 команда қатысып, барлығы да мәреге шықты. Жоғары сынып оқушылары командалық және жеке санаттағы бәсекеде бірінші орынға ие болды.


Айта кетсек, Сәтбаев атындағы университет студенттерге техникалық қолдау көрсетті, оқушылардың жол жүру шығындары қатысушылардың отбасылары есебінен өтелді.



«Оқушыларымыздың осындай жетістіктері баршамызға қуаныш сыйлайды. Оларды шын жүректен жеңістерімен құттықтаймын! Келешекте дарынды жастар білімдері мен шеберліктерін шыңдап, еліміздің игілігі үшін еңбек ететініне сенімдімін. Балаларды әлемдік жарысқа дайындауға қолдау көрсеткен - Satbayev University мен Халықаралық робот-техника академиясына алғысымды білдіремін», - деп жазды министр.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #Кубок #фестиваль
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эмомали Рахмон Қазақстандағы Тәжікстан Елшілігінің жаңа ғимаратын ашты

Бүгін 17:01

Қай банк зейнеткерлерге ипотека береді?

Бүгін 16:27

Қазақстан мен Тәжікстан президенттері БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Бүгін 15:45

Прокуратураның цифрлық трансформациясы: депутаттарға қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің заманауи технологиялары таныстырылды

Бүгін 15:36

Алматыда жас сарапшылардың мегаполисті дамытуға арналған талдамалық зерттеулері таныстырылды

Бүгін 15:23
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);