AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Прокуратураның цифрлық трансформациясы: депутаттар...

Прокуратураның цифрлық трансформациясы: депутаттарға қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің заманауи технологиялары таныстырылды

Заң мен тəртіп Бүгін 15:36 33
Прокуратураның цифрлық трансформациясы: депутаттарға қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің заманауи технологиялары таныстырылды

Қазақстан Республикасы Құрылтайының Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің, сондай-ақ Цифрландыру, инновациялар және ғылым комитетінің депутаттары Бас прокуратураға барды, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Бас Прокурор Берік Асылов депутаттармен кездесу өткізіп, прокуратураның цифрлық трансформациясының негізгі бағыттарымен таныстырды.

Депутаттар Бас прокуратураның Азаматтарды қабылдау орталығы мен Жағдайлық орталығын аралап, «Цифрлық қадағалау» ақпараттық жүйесінің мүмкіндіктерімен танысты.

Одан кейін Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің Үнзила Шапақ төрағалық еткен, Бас Прокурордың орынбасары Ерлан Өтегеновтің, Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитет пен Құқық қорғау органдары академиясы басшылығының қатысуымен өткен көшпелі отырысында депутаттарға прокурорлық қызметте қолданылатын цифрлық шешімдер таныстырылды.

Атап айтқанда, 7 жаңа зияткерлік IT-құрал ұсынылды: сыртқы криминалдық қатерлерді мониторингтеу жүйесі, қоғамдық қауіпсіздікке төнетін ішкі қатерлерді мониторингтеу жүйесі, «е-Өтініш» ақпараттық жүйесінің деректері негізінде тәуекелдерді анықтаудың аналитикалық моделі, қылмыстық қатерлер мен қоғамдық қауіпсіздік тәуекелдерінің тізілімі, қылмыстық қатерлерді болжау жүйесі, телефон және интернет-алаяқтықты мониторингтеудің бірыңғай аналитикалық платформасы, сондай-ақ қылмыстылықты талдауға арналған ЖИ-агент.

Отырыста Бас прокуратураның болжамды-талдамалық қызметін дамытуға ерекше назар аударылды. Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау аясында қылмыстық қатерлер мен тәуекелдерді алдын ала анықтау және олардың алдын алу шараларын әзірлеу үшін үлкен деректерді, мемлекеттік ақпараттық жүйелердің мәліметтерін және сыртқы дереккөздерді пайдалану жұмыстары жүргізілуде.

Кездесу мен отырыстың қорытындысы бойынша прокуратураның цифрлық инфрақұрылымын одан әрі дамыту, прокурорлық қызметтің тиімділігін арттыру, құқық бұзушылықтардың алдын алу және құқықтық тәртіпті нығайту мақсатында аналитикалық құралдар мен жасанды интеллектіні қолдануды кеңейтудің маңыздылығы атап өтілді. Бұл жұмыстар «Заң мен Тәртіп» тұжырымдамасы аясында жүзеге асырылуда.

https://t.me/GenPr

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Жасанды интеллект #Заң мен тәртіп #құрылтай
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан мен Тәжікстан президенттері БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Бүгін 15:45

Алматыда жас сарапшылардың мегаполисті дамытуға арналған талдамалық зерттеулері таныстырылды

Бүгін 15:23

Алматыда түрлі елдердің ғалымдары жасанды интеллектінің білім беру саласына және жастардың болашағына әсерін талқылап жатыр

Бүгін 15:12

Тұмау мен ЖРВИ-дің қандай айырмашылығы бар?

Бүгін 14:29

Мемлекет басшысы Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонды Qoja Ahmet Yasaui орденімен марапаттады

Бүгін 13:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);