AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Алматыда жас сарапшылардың мегаполисті дамытуға ар...

Алматыда жас сарапшылардың мегаполисті дамытуға арналған талдамалық зерттеулері таныстырылды

Алматы Бүгін 15:23 25
Алматыда жас сарапшылардың мегаполисті дамытуға арналған талдамалық зерттеулері таныстырылды

Алматыда қалалық Жастар саясаты басқармасының өкілдері «Талдау мектебі. Алматы» жобасының қатысушыларымен кездесті.Іс-шараның басты оқиғасы қалалық алғашқы Талдау мектебінің түлектері әзірлеген «DATA-DRIVEN CITY: мегаполистің тұрақты дамуы» атты талдамалық зерттеулер жинағының таныстырылымы өтті, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Кездесу барысында Қазақстан Республикасы Президентінің «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауы талқыланды. Атап айтқанда, қаланы дамыту мәселелерін шешуде талдамалық зерттеулерді қолданудың міндеттері мен мүмкіндіктеріне назар аударылды.

«Талдау мектебі. Алматы» жобасы алғаш рет 2026 жылы жүзеге асырылды. Жобаға қатысу үшін 218 өтінім түсіп, 65 адам оқуды сәтті аяқтады. Алты апта бойы жас мамандар талдамалық жұмыс жүргізу әдістерін меңгеріп, зерттеулерін дайындады. Олардың нәтижелері «DATA-DRIVEN CITY: мегаполистің тұрақты дамуы» жинағына енгізілді.

Іс-шараға ғылыми қауымдастықтың, жоғары оқу орындарының, бизнес саласының, қоғамдық ұйымдардың өкілдері және жоба түлектері қатысты. Әсіресе, дайындалған зерттеулерді тәжірибеде қолдануға және қала дамуына қатысты шешімдерді талқылауға атсалыса алатын жас сарапшылар қауымдастығын қалыптастыруға баса назар аударылды.

Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасы басшысының орынбасары Мирас Нысанәлиев жас талдаушыларды даярлау қала жастарының зияткерлік әлеуетін арттыру бағытындағы маңызды жұмыстардың бірі екеніне тоқталды.

«Бүгінде Алматыға деректермен жұмыс істей алатын, мәселелерді жан-жақты талдап, негізделген шешімдер ұсына білетін жас мамандар қажет. «Талдау мектебі. Алматы» жобасы дәл осы мақсатқа бағытталған. Алты апта ішінде қатысушылар білім алып, зерттеу жұмыстарын дайындады. Ендігі мақсат – олардың ұсынысының қағаз жүзінде қалмай, қаланы дамыту ісінде тәжірибелік тұрғыдан қарастырылуына ықпал ету», – деді Мирас Нысанәлиев.

Алматыда 770 мыңға жуық жас тұрады. Қаладағы 36 жоғары оқу орнында 238 мыңнан астам студент білім алады. Сонымен қатар 131 ғылыми ұйымда 11 мыңға жуық зерттеуші еңбек етеді. Олардың 7 мыңы – жас ғалымдар.

Жастардың ғылыми және зияткерлік әлеуетін дамыту қалалық жастар саясатының басым бағыттарының бірі болып қала береді. Алматы әкімі Дархан Сатыбалдының қолдауымен қалада жас мамандардың кәсіби дамуына және олардың қоғамдық өмірге белсенді қатысуына мүмкіндік беретін бастамалар жүзеге асырылуда.

Кездесу барысында қатысушылар жасанды интеллект пен цифрлық технологияның заманауи басқару және шешім қабылдау үдерістеріне ықпалын да талқылады.

«Біз Алматыда қаланың дамуына қатысты шешімдерді кәсіби деңгейде талқылауға қатыса алатын жас сарапшылар қауымдастығын қалыптастыруға мүдделіміз. Ол үшін жастардың білімі мен зерттеу дағдысын оқу аудиториясынан тыс жерде де қолдануына жағдай жасау қажет. Талдау мектебі осындай мүмкіндік беріп, түрлі кәсіби саладағы жастардың басын біріктіреді», – деді басқарма басшысының орынбасары.

Іс-шара соңында қатысушыларға олардың алты апталық зерттеу жұмыстарының нәтижелері топтастырылған «DATA-DRIVEN CITY: мегаполистің тұрақты дамуы» атты жинақ табысталды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#сарапшылар #дамыту #Алматы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Прокуратураның цифрлық трансформациясы: депутаттарға қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің заманауи технологиялары таныстырылды

Бүгін 15:36

Алматыда түрлі елдердің ғалымдары жасанды интеллектінің білім беру саласына және жастардың болашағына әсерін талқылап жатыр

Бүгін 15:12

Тұмау мен ЖРВИ-дің қандай айырмашылығы бар?

Бүгін 14:29

Мемлекет басшысы Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонды Qoja Ahmet Yasaui орденімен марапаттады

Бүгін 13:45

Алматы-Қорғас және тағы екі тасжолда орташа жылдамдықты бақылау енгізіледі

Бүгін 12:12
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);