AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстандық десантшылар оқу-әдістемелік жиынға қа...

Қазақстандық десантшылар оқу-әдістемелік жиынға қатысты

Әлеумет 21.11.2022, 08:05 1,054
Қазақстандық десантшылар оқу-әдістемелік жиынға қатысты
Сурет: Egemen.kz

Алматы облысында Десанттық-шабуылдау әскерлерінің командалық құрамымен оқу-әдістемелік жиын өтті.


Екі күндік іс-шараға Алматы, Талдықорған, Қонаев гарнизондарынан 200-ге жуық офицер мен сержант қатысты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Іс-шара десанттық-шабуылдау әскерлерінің қолбасшысы, генерал-майор Алмаз Жұмакеевтің басшылығымен өтті. Жиынды ұйымдастырудағы мақсат әскери бөлімдердің тыныс-тіршілігін ұйымдастыру, жауынгерлік даярлық бойынша сабақтар өткізу алгоритмін, жоғары жауынгерлік әзірлікті және әскери тәртіпті сақтау жөніндегі іс-шараларды бірдей түсінуге келтіру болып табылады.



 «Әлемде болып жатқан оқиғалар қалыптасқан жағдайды жан-жақты талдауға, қорғаныс қабілетін нақты нығайту және әскерлердің жауынгерлік әзірлігін арттыру жөнінде кешенді шаралар қабылдауға міндеттейді», – деп атап өтті генерал-майор Алмаз Жұмакеев.



Құрамалардың, әскери бөлімдердің командирлеріне, олардың орынбасарларына және басқа да лауазымды адамдарға Қорғаныс министрі мен Қарулы күштер Бас штабы бастығының жауынгерлік әзірліктің, қару-жарақ пен оқ-дәрілердің сақталуын, қару-жарақ пен әскери техниканың тиісті пайдаланылуын қамтамасыз ету жөніндегі талаптары жеткізілді.


Техникалық қамтамасыз ету басқармасы ұйымдастырған практикалық сабақта далалық жағдайда автомобиль және бронды танк техникасын жөндеу бойынша оқу-жаттығу орындары орналастырылды. Жауынгерлік машиналарды жүргізуді ұйымдастыру, оларды теміржол платформасына тиеу және түсіру бойынша сабақтар өткізілді.


Жиын аясында ғылыми-теориялық конференция өтті. Онда қазіргі кездегі десантшылардың орындайтын міндеттері қаралды.


Әскер қолбасшысы жеке құрамның назарын Десанттық-шабуылдау әскерлерінің ел Қарулы күштерінің құрамдас бөлігі ретінде түрлі деңгейдегі және қарқындылықтағы әскери қақтығыстарға ғана емес, терроризмге қарсы әрекеттерге де дайын болуы керек екендігіне аударды.


Шара соңында 2022 оқу жылындағы қызметтің қорытындысы шығарылды. Жауынгерлік дайындықтың, қару-жарақ пен әскери техниканы күтіп ұстаудың және әскери тәртіптің жай-күйі бойынша 38-ші десанттық-шабуылдау құрамасы үздік деп танылды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Десантшылар #оқу-әдістемелік жиын #командалық құрам
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы әкімі AMANAT партиясы алаңында тұрғындарды қабылдады

Кеше 22:16

Қасым-Жомарт Тоқаев елімізге мемлекеттік сапармен келген Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанды қарсы алды

Кеше 20:42

Түркия Республикасының президенті Режеп Тайип Ердоған Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді

Кеше 19:02

Үнемшілдік - үлкен мәдениет

Кеше 18:52

Алматыда кәсіпкерлермен жаңа экологиялық талаптар талқыланды

Кеше 18:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);