конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстанды саяхаттауға арналған ең үздік елдердің...

Қазақстанды саяхаттауға арналған ең үздік елдердің бірі ретінде таныды

Әлеумет 23.10.2024, 11:02 863 Nursok82
Қазақстанды саяхаттауға арналған ең үздік елдердің бірі ретінде таныды
almaty-akshamy.kz

Халықаралық Lonely Planet журналы Қазақстанды жыл сайынғы Best in Travel 2025 рейтингінде саяхаттауға арналған ең үздік елдердің бірі ретінде таныды, деп хабарлайды aqshamnews.kz. 

Журнал сарапшылары жыл сайын саяхатшылар, қызметкерлер, авторлар және туризм саласындағы басқа да мамандардың ұсыныстарына негізделген бағыттарды мұқият талдап, үздіктерді анықтайды. 2025 жылғы таңдау Қазақстанға түсіп отыр. Еліміз шетелдік сала сарапшыларын бай тарихымен, алуан түрлі табиғатымен және бірегей мәдени мұрасымен баурап алған.

«Қазақстанның Lonely Planet секілді әлемдегі беделді басылымның Best in Travel 2025 рейтингінде болуы – еліміздің туризміне әлем бойынша қызығушылықтың артып келе жатқанын көрсетеді. Елдің шынайы мәдениеті мен алуан түрлі табиғатын халықаралық деңгейде ілгерілетуді жалғастыра отырып, біз тұрақты туризм принциптерін ұстанамыз», - деп атап өтті ҚР Туризм және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев.

Әлемнің беделді басылымының тізіміне енген Қазақстан ежелгі дәстүр мен заманауи өмір тоғысқан ел ретінде сипатталған. Елімізге келген әрбір турист Отанына ерекше сезіммен оралатыны анық.

Lonely Planet басылымының мақаласында: «Қазақстан – тек саяхаттайтын ел емес, ашылуы тиіс әлем, сапарға шығуды қажет ететін және тарихтың бір бөлшегі болатын ел. Ежелгі Жібек жолының сыбдыры Қазақстан қалаларын қоршап тұрған шексіз далада да естіледі», - деп жазылған.

Айта кету керек, Қазақстанның туристік әлеуетін тек Lonely Planet журналы ғана емес, әлемге танымал туристік басылымдар да жоғары бағалап отыр. Мәселен, Conde Nast Traveler мен Wanderlust басылымдары Қазақстанды 2024 жылғы әлемдегі ең үздік саяхат бағыттарының тізіміне енгізген. Алматы қаласы The New York Times рейтингі бойынша 52 үздік туристік бағыттың қатарына кірді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#турист #табиғат #саяхат
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Балқаш жағалауында құтқарушылар батпаққа батқан 15 адамды эвакуациялады

Бүгін 18:57

Қазақстандық Нодира Ахмедова күміс жүлдегер атанды

Бүгін 18:54

Еліміз ұлттық мұраның 10 элементін ИСЕСКО тізіміне енгізуге құжат әзірлеп жатыр

Бүгін 18:50

Батысқазақстандық параспортшы боччадан Қазақстан чемпионы атанды

Бүгін 18:45

Қазақстандық студенттер ЖИ негізінде 440-тан астам жоба әзірледі

Бүгін 18:42
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);