Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстанда тыйым салынған авторлардың жеке тізімі...

Қазақстанда тыйым салынған авторлардың жеке тізімі жасалмайды

Әлеумет 08.06.2025, 14:36 688
Қазақстанда тыйым салынған авторлардың жеке тізімі жасалмайды
Сурет: жасанды интеллект
Қазақстанда тыйым салынған авторлардың жеке тізімі жүргізілмейді. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі агенттіктің ресми сауалына берген жауабында мәлімдеді, деп хабарлайды aqshamnews.kz.
 
Министрліктің түсіндіруінше, есепке авторлар емес, сот шешімімен ел аумағында сақтауға, әкелуге, тасымалдауға және таратуға тыйым салынған материалдар ғана енгізіледі. Мұндай материалдардың тізімі ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің ресми сайтында жарияланып отырады. Бұдан бөлек, мемлекеттік органдардың бірыңғай интернет-ресурстары арқылы діни сараптамадан оң қорытынды алған материалдар туралы ақпарат тоқсан сайын жаңартылады.
 
Діни әдебиетті тарату ережелері
 
“Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы” заңның 9-бабына сәйкес, діни әдебиеттер мен материалдарды тек белгілі бір орындарда таратуға рұқсат етіледі:
• Құлшылық ғимараттарында (ғибадат үйлерінде);
• Діни білім беру мекемелерінде;
• Жергілікті атқарушы органдар арнайы белгілеген тұрақты үй-жайларда.
 
Діни әдебиетті елге әкелу кезінде (жеке қолдануға арналған бір данадан басқа) тек тіркелген діни бірлестіктерге және діни сараптаманың оң қорытындысын алғаннан кейін ғана рұқсат беріледі.
 
Діни сараптама қалай жүргізіледі?
 
Діни сараптаманы Қазақстанда Мәдениет және ақпарат министрлігінің Дін істері комитеті жүзеге асырады. Сараптама тағайындаудың негізгі себептері:
• Жеке немесе заңды тұлғалардың өтініштері;
• Діни әдебиеттің кітапхана қорларына түсуі;
• Миссионер ретінде тіркелу және діни бірлестіктерді тіркеу кезінде;
• Діни мазмұндағы материалдарды елге әкелу жағдайында;
• Қызметтік бұйрық негізінде;
• Діни мазмұндағы материалдарды шығару, дайындау немесе тарату кезінде.
 
Сараптама нәтижелері Дін істері комитетінің ресми сайтында жарияланады.
 
Заң бұзғандарға қандай жаза қарастырылған?
 
Діни материалдарды сараптамасыз әзірлеп немесе таратқан жағдайда ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 490-бабы 1-бөлігі 3) тармақшасына сәйкес жауапкершілік көзделген:
• Жеке тұлғалар үшін — ескерту немесе 25 АЕК көлемінде айыппұл;
• Заңды тұлғалар үшін — 100 АЕК көлемінде айыппұл салынады.
 
Бұған дейін Мәдениет және ақпарат министрлігінің Дін істері комитеті Қазақстандағы медреселердің қызметін реттеу тәртібіне де түсініктеме берген болатын.

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #тыйым салынған авторлар #Тізім
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жайдарманның үздік командалары Алматыда бас қосты

Кеше 20:41

Алматыда Зенков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 20:35

Өмірзақ Айтбаевтың 90 жылдығына арналған ғылыми жиын өтті

Кеше 19:18

Алматыда 3 сәуірден бастап жылу кезең-кезеңімен өшіріле бастайды

Кеше 19:13

Алматыда Жамақаев көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 18:43
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика