конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстанда спортты дамытудың жаңа бағдарламасы қа...

Қазақстанда спортты дамытудың жаңа бағдарламасы қабылданады

Әлеумет 25.02.2022, 10:14 1,636
Қазақстанда спортты дамытудың жаңа бағдарламасы қабылданады
Сурет: Almaty-akshamy

Үлкен өзгерістер қажет.


Қазақстанда бұқаралық және кәсіби спортты дамытудың жаңа жоспары қабылданады. Бұл туралы ҚР Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев мәлім етті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.



«Спорт секцияларынан бастап олимпиадалық резервті қалыптастыруға дейінгі барлық деңгейдегі спортшыларды даярлау жүйесінде кешенді үлкен өзгерістер қажет. Бүгінгі таңда біздің алдымызда үлкен міндет тұр. Ол дегеніміз - инфрақұрылымды дамыту, жарыстар мен дайындық жиындарының күнтізбесін жүйелеу, кәсіби және бұқаралық спортты қаржыландыруда теңгерім орнату. Сонымен қатар барлық деңгейдегі спорт мектептерін жасақтауды, төрешілерді, жаттықтырушыларды, спорт дәрігерлерін және тағы басқаларды қоса алғанда, спортты дамытудың бағдарламалық пайымын қалыптастыру. Осы орайда спортты дамыту бағдарламасын әзірлеп, Президентпен келісіп, оны іске асыруға кірісеміз. Оған қоса спортшыларды келесі «Париж-2024» және «Милан-2026» олимпиада ойындарына дайындаудың екі қосалқы бағдарламасы бар», - деді Дәурен Абаев.



Сондай-ақ, министр спортты дамыту шарасына тікелей өзі жауап беретінін айтты. 



«Министрлік оларды іске асыру үшін толық жауапкершілікті өз мойнына алуға дайын. Спортты дамытудың бағдарламалық көзқарасын дайындаудағы алғашқы қадам - спортшыларды даярлаудың бүкіл жүйесінің жай-күйін тәуелсіз кешенді тексеру болуға тиіс. Жауапты вице-министрден оны ұйымдастыру жөнінде ұсыныстар дайындауды сұраймын», - дейді ол. 



Айта кетсек, Щучинскіде Бейжіңде өткен XXIV Қысқы Олимпиада ойындарының қорытындысына арналған кеңейтілген отырыс өтіп жатыр.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#спорт #бағдарлама #Қазақстан
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Ұлттық домбыра күніне арналған «Домбыра – дастан» атты ауқымды мерекелік концерт өтті

Бүгін 11:34

Алматының коммуналдық қызметтері нөсер жаңбырдың салдарын жедел түрде жойды

Кеше 20:52

Иранда аятолла Әли Хаменеимен қоштасуға арналған аза тұту рәсімдері басталды

Кеше 17:50

Алматыдағы сенбілікке 2,4 мың адам қатысты

Кеше 15:41

Жаңа Конституцияны диалог пен шығармашылық арқылы жүзеге асыру: Алматыда ауқымды жастар науқаны өтіп жатыр

Кеше 15:09
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);