Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстанда шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған...

Қазақстанда шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квота қысқарды

Әлеумет 10.02.2022, 04:39 1,479
Қазақстанда шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квота қысқарды
Сурет: Almaty.tv

Квота 16%-ға қысқарып, 23 560 бірлікке дейін азайды.


Қазақстан Үкіметі шетелден келетін мамандарға бөлінетін квота көлемін қысқартты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.



«Қазақстан Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекет басшысының ағымдағы жылғы қаңтарда ірі отандық бизнес өкілдерімен кездесу қорытындысы бойынша берген тапсырмасын орындау үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны 16%-ға, яғни 23 560 бірлікке дейін қысқартты», - делінген министрліктің баспасөз қызметінің хабарламасында.



Бұл тапсырманы орындау елімізде тапшылығы сезілетін арнайы мамандық иелері мен бейінді мамандардан басқа кәсіптердің барлық санаттарына қатысты.



«Квотаны бөлу туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2022 жылғы 18 қаңтардағы №17 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» бұйрық ағымдағы жылғы 4 ақпанда қабылданды. Оған сәйкес, жергілікті атқарушы органдар үшін республика аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған 2022 жылға арналған квота 28 352-ден 23 560 бірлікке дейін, яғни 4 792 бірлікке (16%) қысқартылды.



Нәтижесінде 2022 жылы ШЖК тартуға квота мынадай түрде 4 санатқа бөлінді: бірінші санат бойынша 1 243 рұқсат (басшылар және олардың орынбасарлары), екінші санат бойынша 6 499 рұқсат (құрылымдық бөлімшелердің басшылары). Рұқсаттардың негізгі бөлігі үшінші (мамандар) және төртінші (білікті жұмысшылар) санаттарға жатады – тиісінше 11 110 және 2 396 бірлік. Сондай-ақ маусымдық жұмыстарға 2 312 адам тартылуы мүмкін.


2022 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша, жергілікті атқарушы органдардың рұқсаты бойынша Қазақстан аумағында 14 932 шетелдік азамат еңбек қызметін жүзеге асырды.


Естеріңізге сала кетсек, 2021 жылы жергілікті атқарушы органдар 18,2 мың бірлік мөлшерінде ШЖК тарту үшін жұмыс берушілерге рұқсаттар берді және ұзартты. Бұл белгіленген квотаның 64%-ын (29,3 мың) құрады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#жұмыс #квота #Қазақстан
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Туристік серпін: Алматыға 2,5 млн-ға жуық адам келді

Бүгін 17:45

Шымкентте ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға арналған жаңа жатақхана ашылды

Бүгін 17:32

СҚО-да полицейлер алаяқтардың арбауына түскен екі зейнеткердің 6 млн теңгеге жуық ақшасын сақтап қалды

Бүгін 17:03

"Аяғымды кесіп тастауы мүмкін": Бетперде киген жігіт 15 жастағы қызға үй мен қаражат сыйлады (ВИДЕО)

Бүгін 16:42

Жазғы Азия ойындарына 500-ге жуық спортшы қатысады – Ербол Мырзабосынов жұмыс кеңесін өткізді

Бүгін 16:15
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика