AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстанда құс етінің пайдасын кімдер көріп жатыр...

Қазақстанда құс етінің пайдасын кімдер көріп жатыр?

Әлеумет 07.02.2025, 10:57 1,121 Nursok82
Қазақстанда құс етінің пайдасын кімдер көріп жатыр?
Сурет Алматы қаласы әкімдігі

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі зерттеу жүргізіп, құс еті өндірісі артса да, импорттың әлі де нарықтың үштен бірін құрайтынын анықтады. Мұның себебі, фермерлер тек 66%-дық сұранысты қамтамасыз етіп, қалған 34%-ы шетелден әкелінеді, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Негізгі себеп — қазақстандық өндірістің жоғары өзіндік құны. Шығындардың көбі жемшөпке кетеді, ал оның бағасы сыртқы нарықтарға тәуелді. Алайда импорттаушылар арасында да жағдай оңай емес — нарықта ірі өндірушілер ғана басым, ал кіші кәсіпкерлер нарықтан сырт қалуда.

«90% квоталар бұрыннан айналысып жүрген жеткізушілерге тиесілі. Ал жаңадан кәсіп бастаған қатысушыларға тек 10%-ы беріледі. Бұл бәсекелестікті шектеп, жаңа өндірушілердің нарыққа шығуына кедергі жасайды», — деп түсіндірді Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі.

Бұл жағдайды Шығыс Қазақстан және Ұлытау облыстарындағы отандық көтерме жеткізушілер де пайдаланды. Кейбір компаниялар өңірлер арасында қайта сатуды шектеп, әртүрлі бағаларды белгіледі. Әрине, бұл бағаға өзіндік  әсерін тигізетіні анық. Сонымен қатар, Астана мен Маңғыстау облысында сауда үстемелері 15%-ға дейін көтерілгені байқалды. Сауда министрлігі жағдайды тексеруге міндетті болды.

«Біз тиісті органдарға жүйелі шараларды қабылдауды ұсындық. Олардың ішінде — субсидияларды хабарлау процесін автоматтандыру, оларды бөлудің критерийлерін қайта қарау, нарық қатысушыларына қатысты кемсітуді жою және уақытылы мемлекеттік қолдау көрсету», — деп түсіндірді агенттік.

Алайда, монополистер нарықты әлі де бақылап отыр. Сәйкесінше сауда желілері өз пайдасын көру үшін бағаны көтеруге мәжбүр. Салдарын ел тұрғындары көріп отыр. 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#тауық еті #сауда #баға
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қайрат Закирьянов жас футболшы Дастан Сатпаевқа арнайы академиялық грант табыстады

Бүгін 15:07

BilimClass электрондық журналы 25 мамырға орай ерекше науқан бастады

Бүгін 14:43

Енді несие беру табысқа қарай шектелуі мүмкін

Бүгін 14:10

Алматыда журналистердің арасында үстел теннисінен жарыс өтті

Бүгін 14:08

Алматыда алғашқы түнгі Almaty Glow Ride велошеруі өтеді

Бүгін 13:12
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);