AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Ұлттық тестілеу орталығы мәлімдеме жасады

Ұлттық тестілеу орталығы мәлімдеме жасады

Білім және ғылым Бүгін 16:06 16
Ұлттық тестілеу орталығы мәлімдеме жасады

Мәлімдемеге түлектердің ҰБТ-дағы пәндер комбинациясының бірін алып тастау жоспарына қатысты үндеуі себеп болған, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Бұған дейін 2027 жылы ҰБТ-ны "Химия – Физика" комбинациясы бойынша тапсыруға дайындалып жатқан қазақстандық түлектер оны алып тастау жоспарына наразылық білдірген еді. Ол кезде Ұлттық тестілеу орталығы (ҰТО) келесі жылдан бастап бұл комбинацияның орнына "Химия – Биология" пәндерін түпкілікті бекіту көзделгенін мәлімдеген болатын.

Алайда бүгін ҰТО жаңа мәлімдеме жасады. Орталықтың Telegram-дағы арнасында хабарланғандай, 2027 жылы "Химиялық инженерия және процестер" білім беру бағдарламалары тобы бойынша "Химия – Физика" немесе "Химия – Биология" комбинацияларын таңдау мүмкіндігі сақталады.

"Бұл шешім талапкерлерден келіп түскен өтініштерді ескере отырып қабылданды. Осылайша, 2027 жылы өтпелі кезең қарастырылып, талапкерлерге өз қалауы мен мүмкіндіктеріне қарай екі комбинацияның бірін таңдау құқығы беріледі", - деп мәлімдеді Ұлттық тестілеу орталығы.

Орталықтың мәліметінше, "Химия – Биология" комбинациясына көшу туралы бастаманы Республикалық оқу-әдістемелік кеңес пен бейінді кәсіпорындар – жұмыс берушілер ұсынып, қолдаған болатын. Бұл өзгеріс талапкерлердің білім алу мүмкіндіктерін кеңейтуге және саладағы кадр тапшылығын азайтуға бағытталған.

"Аталған комбинация бойынша талапкерлер бұрынғы "Химия – Физика" комбинациясымен салыстырғанда, білім берудің төрт бағыты бойынша 18 білім беру бағдарламасына грант конкурсына қатыса алады. Ал бұрынғы комбинация бойынша мұндай мүмкіндік тек бір бағытпен шектелген", - делінген хабарламада.

"Химия – Биология" комбинациясына толық көшу 2028 жылғы ҰБТ-дан бастау жоспарланып отыр.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#ҰБТ
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Авиациядағы орнитологтар: әуежай аспанын кімдер күзетеді?

Бүгін 15:26

Алматыда жаңа форматтағы AI-кеңсе ашылды

Бүгін 15:15

Өмір үшін 101 күндік күрес: Алматыда дәрігерлер ана мен шала туған қызын аман алып қалды

Бүгін 15:09

Декреттік төлемнің мөлшері өседі

Бүгін 15:07

Дүниежүзілік антибиотиктерді дұрыс қолдану апталығы: нені білу керек?

Бүгін 15:00
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);