AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Декреттік төлемнің мөлшері өседі

Декреттік төлемнің мөлшері өседі

Әлеумет Бүгін 15:07 29
Декреттік төлемнің мөлшері өседі

2027 жылы Қазақстанда жүктілік пен босануға байланысты берілетін біржолғы әлеуметтік төлемнің ең жоғары мөлшері 29,4%-ға артады, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Декреттік демалыс үшін төленетін қаражат 2,5 млн теңгеден 3,2 млн теңгеге дейін өседі. Бұған ең төменгі жалақының өсуі себеп.

Декреттік төлем әйелдің декретке шыққанға дейінгі соңғы 12 айдағы орташа ресми табысына және демалыс ұзақтығына қарай есептеледі. Яғни осы кезеңде әйелдің табысынан әлеуметтік аударымдар жасалуы керек.

Төлемді есептеу кезінде ескерілетін ең жоғары айлық табыс ең төменгі жалақының жеті еселенген мөлшерімен шектеледі. 2026 жылы бұл шек 595 мың теңге болса, 2027 жылы ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге өсуіне байланысты 770 мың теңгеге жетеді.

Осыған байланысты декреттік төлемнің ең жоғары мөлшері де артады:

  • Қалыпты босану кезінде (126 күндік демалыс) 2,5 млн теңгеден 3,23 млн теңгеге дейін өседі.

  • Босану асқынған немесе егіз, одан көп бала туған жағдайда (140 күндік демалыс) 2,78 млн теңгеден 3,6 млн теңгеге дейін көбейеді.

Бұл сомалардан 10% міндетті зейнетақы жарнасы ұсталады.

Егер әйелдің нақты жалақысы есепке алынатын ең жоғары табыстан асып кетсе, айырмасын жұмыс беруші өтей алады. Еңбек кодексі бойынша компаниялар еңбек немесе ұжымдық шартта декретке шыққан қызметкерге орташа жалақысының толық мөлшеріне дейін қосымша төлем беру тәртібін қарастыра алады. Алайда бұл жұмыс берушінің міндетті төлемі емес, шартта көзделген жағдайда ғана жүзеге асады. Егер босанғаннан кейін асқыну болып, дәрігер қосымша 14 күнге еңбекке жарамсыздық парағын берсе, әлеуметтік төлем қайта есептеледі.

Әлеуметтік төлемді рәсімдеу үшін әйелге табысы туралы анықтамалар жинаудың қажеті жоқ. Оның еңбек өтілі мен әлеуметтік аударымдары туралы мәлімет мемлекеттік дерекқорлардан автоматты түрде алынады. Электронды еңбекке жарамсыздық парағы берілгеннен кейін ақпараттық жүйе әйелдің төлем алуға құқығын тексереді. Содан соң оған SMS-хабарлама жіберіліп, төлемді рәсімдеу ұсынылады.

Өтінішті eGov.kz порталы, екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшалары арқылы онлайн беруге немесе ХҚКО-ға барып тапсыруға болады.

Министрліктің мәліметінше, 2026 жылдың алғашқы 10 айында жүктілік пен босануға байланысты әлеуметтік төлемді 130,1 мың отбасы алған. Оларға жалпы 144,6 млрд теңге төленген.

Ал бала дүниеге келгеннен кейін анаға бала бір жарым жасқа толғанға дейін ай сайынғы әлеуметтік төлем де қарастырылған.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Декрет
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда жаңа форматтағы AI-кеңсе ашылды

Бүгін 15:15

Өмір үшін 101 күндік күрес: Алматыда дәрігерлер ана мен шала туған қызын аман алып қалды

Бүгін 15:09

Дүниежүзілік антибиотиктерді дұрыс қолдану апталығы: нені білу керек?

Бүгін 15:00

Алматыда жеті кітапхана тәулік бойы жұмыс істейді

Бүгін 14:15

Алматыда Күләш Байсейітова көшесін көркейту жұмыстары аяқталуға жақын

Бүгін 14:13
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);