AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Алматыда жаңа форматтағы AI-кеңсе ашылды

Алматыда жаңа форматтағы AI-кеңсе ашылды

Алматы Бүгін 15:15 20
Алматыда жаңа форматтағы AI-кеңсе ашылды
Алматы әкімдігі

Жаңа кеңістік келушілердің түрлі қажеттіліктерін ескере отырып ұйымдастырылған, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Мемлекеттік қызметтер, цифрлық көмекшілер мен жасанды интеллект мүмкіндіктері енді бір кеңістікте тоғысты. Алматыда тұрғындарға мемлекеттік қызметтерді өз бетінше алуға, заманауи цифрлық шешімдерді пайдалануға және жаңа технологияларды меңгеруге мүмкіндік беретін жаңа форматтағы AI-кеңсе ашылды.

Жаңа кеңістік келушілердің түрлі қажеттіліктерін ескере отырып ұйымдастырылған. Мұнда мемлекеттік қызметтерді өз бетінше алуға арналған жедел қызмет көрсету аймағы, онлайн-сервистермен жұмыс істеуге арналған цифрлық аймақ және кеңесшілер көмегімен күрделі қызметтер алу аймағы қарастырылған.

Тұрғындарға қолайлы жағдай жасау үшін кеңсе моноблоктармен, жоғары жылдамдықты сканерлермен және eGov GPT сервисі орнатылған ақпараттық экрандармен жабдықталған. Сонымен қатар мұнда жеке куәлік пен паспорт алуға өтінішті бірнеше минут ішінде өз бетінше беруге мүмкіндік беретін құжаттандыру терминалы орнатылған.

AI-кеңсе жұмысының тағы бір маңызды бағыты – халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру. Арнайы жабдықталған аймақта тұрғындар электрондық мемлекеттік сервистер мен жасанды интеллект құралдарын пайдалануды тегін үйрене алады. Оқу сабақтары әр сәрсенбі және жұма күндері сағат 10:00-ден 12:00-ге дейін өтеді.

Айта кетейік, жаңа кеңсе Алматы қаласы әкімдігінің және «Halyk» компаниялар тобының қолдауымен ашылды. Мемлекеттік корпорация алдағы уақытта да республика көлемінде заманауи цифрлық кеңістіктер желісін дамытуды жалғастырады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Өмір үшін 101 күндік күрес: Алматыда дәрігерлер ана мен шала туған қызын аман алып қалды

Бүгін 15:09

Декреттік төлемнің мөлшері өседі

Бүгін 15:07

Дүниежүзілік антибиотиктерді дұрыс қолдану апталығы: нені білу керек?

Бүгін 15:00

Алматыда жеті кітапхана тәулік бойы жұмыс істейді

Бүгін 14:15

Алматыда Күләш Байсейітова көшесін көркейту жұмыстары аяқталуға жақын

Бүгін 14:13
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);